Мәслихат хатшысы Ж.Г. Нурпиисовтың атына депутатқа алғыс білдірген хат келді
30.12.2016
Алматы ауданының ардагерлері № 17 округтың депутаты Аюпов Аман Блялевичтің қызметін аса бір қанағатпен және ерекше алғыспен айтып отыр. Ол өз округындағы халықтың қызығушылықтары мен сұраныстарына мұқият қарап, олармен жиі кездеседі. Оған қоғамдық ұйымдармен, әсіресе, алғашқы ардагерлер ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасауға талпыныс секілді қасиеттері тән.
Зейнеткерлердің өмір сүру жағдайларын тереңінен зерттей келе, Халықаралық қарттар күні қарсаңында он сегіз сыйлық таратты, жеті белсендіге 5000 теңгеден бөлді, аз қамтылған отыз отбасын мейрамханаға түскі асқа шақырды, екі зағип адамға балкондарына пластик терезе орнатты, М.Ж.Жумашеваға үш терезесі мен балконын пластикпен алмастырды, ондаған егде адамды газетке жаздырды.
Аман Блялевич материалдық қайырымдылық шараларын рухани мадақтау формаларымен, жылы сөздерімен және басқа да сыпайылығымен қатар алып жүреді. Осындай мейірбан қатынас, жоғары адамгершілік, сайлаушылармен жұмыстағы нақтылық пен іскерлік біздің халық депутатына ерекше сый – құрмет қалыптастырды.
Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Д. Байболов