Адам мәселесі - басты міндет
26.01.2017
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық филиалында Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нуприисов азаматтарды қабылдады. Қабылдауға алты адам жазылған. Тұрғындар тұрғын үй мәселелерінің шешімін табуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін, әлеуметтік көмек көрсету және басқа да мәселелердің шешімін табу үшін көмек сұрады.
Карагаева Вафиза – көру қабілеті нашар ІІІ топ мүгедегі, өзіне басқа жыл мезгілдерінде басқа науқастарының асқынуына байланысты емделуге баруға мүмкіндігі болмайтынын айтып жаз мезгілінде шипажай-курортта емдеуге жолдама беру мәселесіне көмек көрсетуді сұраған.
Рысқұлов көшесіндегі № 25 үйдің тұрғындары атынан үйден жауын және еріген қар суларының ағып кетуін ұйымдастыру мәселесін шешуге көмек сұрап П.Г. Василевский жүгінген. Мәселе гүлдерге арналған бетон гүлзар орнатуға байланысты еріген қар және жаңбыр суларының табиғи ағыны бітелген. Тұрғындар үйді тұрақты түрде су басуы блоктардың отыруы мен іргенің бұзылуына алып келеді деп алаңдаушылық білдіріп отыр.
Республика даңғылы бойындағы №29 үйде электр энергиясы мен сумен қамтуды мерзімді сөндіру мәселесін тұрғындар А.В. Шульга және А.С. Мустафин көтерген.
Тұрғындардың қоғамдық қабылдау барысында көтерген барлық мәселелері бақылауға алынған және сәйкес мемлекеттік органдарға сұраныс жіберілген. Оларды қарастырғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған мерзім ішінде жауап берілетін болады. Барлық келушілер мәслихат хатшысынан толық жауап пен түсініктеме алды.