Депутаттардың сайлау округтарында Президент жолдауын талқылау басталды
08.02.2017
Мәслихат депутаттары М.Е. Тулеутаев және А.Б. Аюпов Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – ғаламдық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын Астана қаласы әкімдігінің «Онкологиялық орталығы» еңбек ұжымында талқылауға қатысты. Депутат М.Е. Тулеутаев өз жолдауында мемлекет басшысы Қазақстанға қазіргі уақыттағы барлық жағдайларға максималды тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін нақты амалдарды ұсынғанын айтып кетті. Жолдау қоғамды ойландырып отырған барлық маңызды мәселелерге – қауіпсіздік, экономика, медицина, еліміздегі білім беру мәселелеріне жауап береді. Депутат А.Б.Аюпов экономикалық өзгерістерге тоқталды: жаңа индустрияның дамуы, экономиканың негізгі салаларын жаңғырту саясаты туралы айтты. Ол азаматтарды алдағы реформаларға түсіністікпен қарап, осы жоспарды жүзеге асыруға азаматтық тараптан қолдау көрсетуге шақырды. Әр адамның күш-жігері мен жауапкершілігіне жалпы жетістік, сәйкесінше, Қазақстанның өркендеуі тәуелді болатынын айтты.
Медицина қызметкерлері өз кезегінде Президенттің Қазақстан халқына жолдауымен мұқият танысып, Мемлекет басшысы белгілеген елдің даму бағдарын қолдайтындарын білдірді.