Медициналық қызметкерлер Президенттің Жолдауын талқылады
09.02.2017
Депутат А.Ф. Ким «Қалалық №7 емхана» медициналық қызметкерлері ұжымында Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға қатысты.
Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндірумен емхананың бас дәрігері А.Ш.Қуанышева сөз сөйледі. Депутат елдің жаңа жаһандық шынайылықта өсудің жаңа үлгісіне ауысуды қамтамасыз ететін «Үшінші жаңғыру» мәні туралы сөз қозғады. Сындарлы әңгімелесу болды. Медициналық қызметкерлерді медицина саласында кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдауға ие болу мүмкіндіктері, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, салынып бітпеген тұрғын үйлерге мемлекеттік қолдау сұрақтары, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы баспана алу мүмкіндіктері, сондай-ақ – азаматтарды уақытша тіркеумен байланысты сұрақтар қызықтырды.
Депутат А.Ф.Ким тұрғындар тарапынан №7 емхананың атына айтылған оң пікірлерді атап өтті. Кездесу соңында ол азаматтарды ел Президентінің тапсырмаларын іске асыруда белсенділік танытуға шақырды.