Мәслихат депутаты "Астана-Жылутранзит" АҚ еңбек ұжымымен кездесті
10.02.2017
21-сайлау округінің депутаты Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов "Астана-Жылутранзит" АҚ еңбек ұжымына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірді.
Талқылау барысында кездесуге қатысушылар ел Президентінің Жолдауын қолдады және технологияны дамыту, бизнес ортаны жақсарту мен кеңейту, сондай-ақ адами капиталдың сапасын жақсарту сұрақтарына тоқталды.
Кездесуге 100-ден астам адам қатысты.