Медицина қызметкерлерімен кездесу
10.02.2017
№ қалалық ауруханада Ұлт көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау мақсатында кездесу өтті. Президент жолдауының негізгі қағидаларын талқылауға мәслихат депутаты А.Ф.Ким қатысты. Тыңдаушылар ерікті түрде Жолдаудың бас басым міндетімен танысып шықты.
Халық қалаулысы қатысушылардың назарын «бизнес-ортаны кеңейту және түбегейлі жақсарту» бойынша міндетке аударды. Медицина қызметкерлері кредиттік тұрғын үй құрылысы, бюджеттік қызметкерлердің тұрғын үй алу мәселелері, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ипотекалық несие беру шарттары туралы мәселелерді көтерді.
Депутат өз сөзінде тұрғын үй мәселесінің шешімін табудың ең оңтайлы механизмі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы ипотекалық кредит беру екенін айтып өтті. Бүгінгі таңда біздің мемлекетіміз «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй мәселелерінің шешімін табудың көптеген артықшылықтарын көрсетіп отыр.
Аталған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері мен мекеме қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыруға шешім қабылданды.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген негізгі бағыттарды қолдайтынын бірауыздан білдірді.