Сайлаушылармен кездесу
15.02.2017
Бүгін астаналық мәслихат депутаты Абден Қарақат өз округінің тұрғындарымен кездесу өткізді, оның барысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.
Тұрғындар өз кезегінде әлеуметтік қамтсыздандыру, сумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және басқа да мәселелерді көтерді. Сауалдардың барлығына жауаптар мен түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ тұрғындармен кездесу барысында, мәслихат депутаты Абден Қарақат астаналық азаматтарды олардың жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Кездесу соңында тұрғындар Елбасының Жолдауын толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.