Сайлаушыларды не толғандырады
17.02.2017
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 1-сайлау округінің депутаты, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісов, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Вячеслав Сергеев, қалалық құрылымдардың өкілдері азаматтарды қабылдады.
Қабылдауға көкейтесті сұрақтары бар, өмірге бей-жай қарамайтын адамдар келді. Олардың арасында егде жастағы адамдар болды, оларды мазалайтын сұрақтар – аулаларды абаттандыру, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, арнайы көліктердің жүруін қиындататын аулаларда көліктерді қою мәселелері болса, жастарды - жұмысқа орналасу, паркингтер салу, мемлекеттік мекемелер мен кеңселердің жанынан автомашиналарға арналған тұрақтар белгілеу сияқты сұрақтар мазалайды. Қала тұрғындарын, оның ішінде басым көпшілікте мұғалімдерді толғандырған ең өзекті мәселе – баспана беру мәселесі.
«Зерде» дарынды балаларға арналған мектептің өкілі мектеп ауласынан қар шығаруда, спорттық алаңқайды жөндеуде, футбол алаңының төсемін ауыстыруда қолдау көрсетуді өтінді.
Пәтер иелерінің кооперативтерінің төрағалары да қалыс қалмады. Олардың көтерген сұрақтары – Бөкейхан көшесі бойындағы №2, 4 үйлерге инженерлік желілерді (су құбыры, кәріз) ауыстыру, «Сарыарқа» ауданының төтенше жағдайлар басқармасының тұрғындардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысы, лифттердің жағдайы, аулаларды абаттандыру.
Бөкейхан көшесі бойында тұратын қала тұрғындары мен балаларын М.Өтемісұлы атындағы оқушылар Сарайына түрлі үйірмелерге апаратын ата-аналарды толғандыратын маңызды сұрақтардың бірі – бұл аталған көше бойынша біржақты қозғалыс енгізу. Себебі, жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары мен балалары Сарайдағы үйірмелерге қатысатын ата-аналар өз үйіне және Сарайға жету үшін үлкен аумақты айналып өтуге мәжбүр.
Бұл сұрақтардың барлығын 1-сайлау округінің депутаты, мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов және кездесудің басқа қатысушылары мұқият тыңдады. Айтылған мәселелер бақылауға алынды және жуыр арада қаралып-зерттеледі және өтініш иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беріледі.