Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті
20.02.2017
Ағымдағы жылғы 20 ақпанда «Тексеру комиссияның жұмысы және жергілікті бюджет қаражатын басқару және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі қаржыны басқару туралы» тақырыпқа арналған Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.
2016 жылға арналған іс қорытындылары туралы баяндамамен Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.Ө. Молдаш сөз сөйледі, ол депутаттарға мемлекеттік аудит саласындағы қолданыстағы заңнамадағы басты жаңалықтар туралы ақпарат берді.
Баяндамада тексеру комиссиясының 2016 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштеріне, есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық шаралар қорытындысына, анықталған бұзылулардың туындауына ықпал еткен, себептерді талдауға ерекше назар аударылды.
Бұл ретте, сөз сөйлеуші анықталған бұзылулар сыныптамасын және динамикасын, аудит объектілерінің оларды жою бойынша қабылдаған шараларын сипаттады.
Баяндамада бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері қызметіндегі бюджеттік қаражаттар мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану кезіндегі жүйелік мәселелер мен кемшіліктер, бюджеттік қаражаттарды басқару тиімділігін арттыру жолдары жайлы айтылды.
Өз кезегінде, депутаттардың тарапынан бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне бюджеттік қаражаттарды оңтайлы және тиімді пайдалану бойынша түпкілікті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтылды.
Тұрақты комиссия отырысына Астана қаласы мәжілісінің хатшысы Ж.Г. Нурпиисов, қала басқармаларының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.