Ел Президенті Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру
21.02.2017
№ 17 сайлау округінің аумағында орналасқан, тағы үш еңбек ұжымы мен мемлекеттік мекемелерде Астана қ. мәжіліс депутаты А.Б.Аюповтың қатысуымен Мемлекет Басшысының – Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауы талқыланды.
Түсінік жұмыстары жүргізілетін кездесуді ұйымдастыруға «Гуманитарлық колледж» МКҚК, «Нурлыжурек әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «Қалалық инфекциялық аурухана» МКҚК ұжымдары зор жауапкершілік танытты. Зияткерлер қауымы уақыттың тарихи сын-тегеуірініне және қабылданатын мемлекеттік шешімдердің маңыздылығына қай кезде болса да түсіністікпен қарап келді. Жолдауды түсіндіруге баяндамалар, қосымша материалдар, контент-талдаулар тартылды, ал тыңдаушылар талқылауға қызу үн қосты.
Бұлар – күрделі және творчествалық еңбекпен және білім мен мәдениетті таратумен айналысатын және рухани-адамгершілік ұмтылыстарының жоғары болуымен ерекшеленетін, сондай-ақ мемлекет алдындағы борышын түсіне білетін, ары жоғары адамдардың ерекше тобы. Мәслихат депутаты өз сөзінде тыңдаушыларды тап осылай сипаттады. «Ел Басшысының қазіргі Жолдауының жүзеге асырылуы біржағынан сіздердің түсіністіктеріңізге, кәсіби біліктіліктеріңізге және ыждаһаттылықтарыңызға байланысты»,- деп атап өтті ол. Жолдаудың төртінші басымдығында көрсетілген, «адам капиталының сапасын көтеруге» қатысты түрлендірулер білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру бейінді салаларын қамтиды.
Ұжымдар тек өздерінің бейінді салаларындағы ғана емес, сондай-ақ сандық индустрияны дамытудағы, бизнес-ортаны жақсарту мен кеңейтудегі, макроэкономикалық саладағы түрлендірулерге келісетіндіктерін және қолдайтындықтарын білдірді.