Студент жастармен кездесу
21.02.2017
Президенттің Қазақстан Республикасының халқына 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндірумен С.Сейфуллин ат. Қазақ аграрлық университетінің студенттерінің алдында маслихат депутаты Жусупова Зауреш Гинаятқызы сөз сөйледі.
«Үндеуде елдің жаһандық бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа үлгісін жасау қажеттігі туралы айтылады.
Мемлекет басшысы экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге шақыратын бес негізгі басымдылықтарды айқындап берді: бірінші басымдылық - бұл экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы; екінші басымдылық - бизнес-ортаның түбегейлі жақсаруы және кеңеюі; үшінші басымдылық - макроэкономикалық тұрақтылық; төртінші басымдылық - адами капитал сапасын жақсарту; бесінші басымдылық - институтциялық өзгеру, қауіптілікпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Бастысы білім беру жүйесінің рөлін өзгерту қажет. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа үлгісінің орталық буыны ету», - деп атап көрсетті депутат өз сөзінде.