«Елордалық шыны пакет компаниясы» ЖШС-де мәслихат депутаттарының қатысуымен ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы талқыланды.
21.02.2017
Бір ай бойы жер-жерлерде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру және талқылау жүргізілуде.
Осылайша, өткен аптада Астана қ. мәслихатының депутаты Аман Аюповтың бастамасымен осындай кездесу өзі басқаратын «Алкон+» фирмасы» ЖШС кәсіпорынының еңбек ұжымымен өткізілді. Ал осы жолы кездесу «Елордалық шыны пакет компаниясы» ЖШС еншілес компаниясында өтті.
Іс-шараға «Елордалық шыны пакет компаниясы» ЖШС басшылығы мен қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының ардагері, Астана қ. қоғамдық кеңесінің мүшесі М.Д.Еркетаев, Астана қ. мәслихатының депутаттары З.С.Гаипов және М.Е.Төлеутаев қатысты.
«Біздің екі кәсіпорынның ұжымдары үшін бұл кездесулер шын мәнінде пайдалы болды. Себебі қазір біздің цехтарда соңғы инновациялық технологиялар қолданылады, біз өндірісті автоматтандыруды және жартылай роботтандыруды жалғастырудамыз, ал бұның барлығы инновациялық саланың дамуына қуатты түрткі беретін, Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғыруының негізгі үндеуі болып табылады», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы, мәслихат депутаты Аман Біләлұлы Аюпов.
Оның сөзі бойынша, екі кәсіпорында да - «Алкон+» фирмасы» ЖШС және «Елордалық шыны пакет компаниясы» ЖШС-де - барлық ұжым үшін жағымды жұмыс жағдайлары жасалды, корпоративтік мәдениет дамуда және үнемдеуші өндіріс бойынша желі-технологиялар енгізіледі.
Кездесу барысында М.Д.Еркетаев ұйымдастырушылар таңдап алған кездесу форматының – саяси әңгіме форматының тиімділігіне ерекше назар аударды, бұл форматта Президент Жолдауының әрбір 5 негізгі басымдықтары туралы компания қызметкерлері өздері айтып берді.
Мәслихат депутаттары да түсіндірме берді және қызметкерлерді қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Өз сөздерінде олар бейінді салалардағы қайта өзгерістерді тілге тиек етті. Мысалы, медициналық сақтандыру және дәрілер бағаларына қатысты сұрақтарға онкологиялық аурухананың бас дәрігері Мұхтар Есенжанұлы Төлеутаев жауап берді. Адами капиталдың, зейнетақы және тұрғын үй сұрақтарының маңыздылығы туралы көлік және коммуникациялар колледжінің директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов егжей-тегжей айтып берді.