Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
01.03.2017
Сансызбай Есиловтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. «2016 жылдың 8 желтоқсанындағы «2017-2019 ж.ж. Астана қаласынының бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» баяндамамен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Алиби Жумаев сөз сөйледі. Астана қаласының бюджетін нақтылау жергілікті атқарушы органның бастамасымен қаржылық жылдың басына бос қалдықтар бөлінгеннен кейін жүргізіліп отыр.
Қаланың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес, бюджеттің кіріс бөлігін 11,0 млрд. теңгеге ұлғайту ұсынылуда.
Сонымен бірге, республикалық бюджетті нақтылау бойынша 77,5 млрд.теңге сомасында трансферттер қосымша бөлінген.
Бюджеттік құралдардың игерілгенін мониторингілеу қорытындысының негізінде, астананы дамытуға бағытталған шығындар ішінара қайта бөлінді.
Осылайша, тасқынға қарсы шаралар, көшелерді механикалық тазалау, жеңілдікті дәрі-дәрмектер, денсаулық сақтау объектілерін жылумен жабдықтау, оқулықтарды алу, ЭКСПО-2017-ге еріктілерді дайындау, апаттық жағдайдағы және ескі үйлерді бұзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да қаражат қарастырылған.
Талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері Н.И.Мещеряков, Ж.Г.Нурпиисовпен тұрақтандырма қорын толтыруға, ЖРК- дара рельстің құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің мүшелері мен экономика мен бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысымен келісілген 2016-2018 ж.ж. жүзеге асырылу жоспарланған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалардың тізімі бекітілді.
Астана қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахмеджанов Астана қаласы әкімшілігінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесімен таныстырды.
Жалпы алғанда, ұсынылған нормативтік-құқықтық актілер Қоғамдық кеңестің мүшелерімен ескертпелерсіз келісілді.
Қалалық Қоғамдық кеңестің отырысына мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.