Наурыз қарсаңында
16.03.2017
Наурыз мерекесі қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан барша халықтың басын біріктірген, жыл бастау мейрамы. Наурыз адамдардың мейірімділігін оятып, өз бастамасымен мұқтаж адамдарға көмектесуін, елде бейбітшілік өмір мен ауызбіршіліктің орнауын қалыптастырды.
Мейрам қарсаңында депутат Зауре Гинаятовна Жусупова белігілі бір тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға әлеуметтік бейімдеу Орталығына қолдау көрсетіп, акция ұйымдастырды. Көмекке мұқтаж адамдардың әрқайсысын келе жатқан мейраммен құттықтай отырып, әлеуметтік қоржын тапсырылды, сонымен қатар, Орталықтың қызметкерлеріне біздің қоғамды жайластыруда жасаған еңбектері үшін өз алғысын білдірді.
Барлық қазақстандықтарды көктем мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге жыл басы бақыт алып келсін, баршаңызға амандық, елімізге тыныштық, болашағымыздың жарқын болуын тілейміз!