Құқық тәртібі мәселесі депутаттардың бақылауында
17.03.2017
Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің қатысуымен депутаттар құқық тәртібіне, астанада көшелер атауын өзгерту, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға кеткен шығынды өтеу тәртібі, т.б. маңызды мәселелерді қарады.
Әкім орынбасары Андрей Лукин депутаттар алдында астанада қылмыс санының азаюы, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Ішкі істер басқармасының бастығы Амантай Аубакиров толық баяндама жасады. Айтуынша, аса ауыр қылмыс түрлері, сондай-ақ, ауыр және орташа қылмыстар, оның ішінде, тонау, ұрлық жасау, бұзақылық, көлік ұрлау оқиғалары біршама тиылған.
Одан басқа, барлық санаты бойынша қылмыстың бетін ашу деңгейі көтерілген. Көбінесе, өткен жылдардағы әр төртіншісі ауыр және аса ауыр санатына жататын қылмыстар ашылған.
- Сонымен бірге, олар сипаты бойынша кең таралмаған. Полицейлердің көбі – өз жұмыстарына шынайы берілген, қызметтік міндеттерін адал атқарады. Ерлік пен қайсарлықтың мысалдары қаншама. Соңғы бірнеше жылда бір қызметкер қаза тауып, алтауы әртүрлі дене жарақаттарын алған, - деді ІІБ бастығы.
Жақсы жағын айтумен қатар, орын алып жатқан шешілмей жатқан мәселелерге де тоқталды. Қазіргі күнде қауіптілігі төмен қару-жарақ пен арнайы құралдарымен ІІБ небәрі 42,5 пайызға қамтамасыз етілген, астаналық Департаменттің жеке құрамы қызметтік бөлмелермен қажетті шамада қамтамасыз етілмеген. Қазіргі ғимараттар полицей стандартына сай келмейді, олардың бір бөлігі апаттық жағдайда тұр.
- Астаналық Департамент алғашқылардың бірі болып бейнетіркегіштер қолдана бастады. Бекітілген ережеге сәйкес, жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне ғана бейнетіркегіштер берілу керек. ЖҚАЖ, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды және көші-қон полициясы, жедел-тергеу тобы, ІІМ қызметкерлеріне қызмет барысында қолдану қажеттілігін ескере отырып, заттай тиесілі нормалар жобасы дайындалды. Соған байланысты, осы жабдықты жергілікті бюджеттен кезең-кезеңімен алуға қолдау көрсетулеріңізді сұранамын, - деп атап өтті Аубакиров.
Терроризмге қарсы қорғалу мәселесінің ерекше маңыздылығын ескере отырып, жүйенің үздіксіз жұмыс жасалуы үшін, оптикалық байланыс арнасына қосылу талап етіледі.
Кадрдың тұрақтамауына жеке құрамның әлеуметтік жағынан қорғалмауы үлкен ықпал етуде.
Қазіргі күнде Департаменттің 2 мыңнан астам қызметкерлері не әр екіншісі тұрғын үйге мұқтаж. Қызметкерлерге жергілікті бюджет есебінен ұсталатын өтемақы төлеу жөнінде ұсыныс қарастырылуда, ол қызметтік міндеттерді адал атқарып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге жақсы ықпалын тигізеді.
Мәселені талқылауға депутат М.Е.Тулетаев, З.Г.Жусупова қатысты, олар басты назар аударған мәселелер – аудандардағы ішкі істер басқармаларына ғимарат бөлу, полиция қызметкерлерін әлеуметтік қорғау, тұрғын үй мәселелері, т.б. Нашақорлыққа қарсы күресте әлеуметтік жарнаманың барлық түрлерін қолдана отырып, үлкен ақпараттық жұмыс жасау, «Кибердружина» жобасын құру бойынша шараларды Астана қаласының даму Бағдарламасына қосуға ұсыныс жасалды.
Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия жұмысы туралы оның төрағасы Мажит Шайдаров өзінің баяндамасында тұрақты комиссия отырыстарында есепті кезеңде қаралған барлық мәселелерге тоқталды.
Одан басқа, мәслихаттың шешімімен Астана қаласының мүгедектері қатарынан мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кеткен шығынды өтеу тәртібі мен көлемі, Астана қаласы әкімшілігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілді, мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алуына байланысты, жер телімдері мен өзге де жылжымайтын мүліктерді сатып алу туралы келісім-шарт жобалары келісілді. Мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын негізгі мәселелер айқындалды, төрағасы болып әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасы Мажит Шайдаров тағайындалды.
Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И.Лукин, «Алматы», «Есиль», аудандарының әкімдері, қала басқармалары мен департаменттері басшылары, астананың құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.