Мемлекетті жаңғырту. Жаңа тапсырмалар
14.04.2017
Маслихат аппаратында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы негізгі басымдылықтар талқыланды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген жоспарларды жүзеге асыру үшін қандай іс-шаралар жүргізу қажеттігі сөз болды.
Қалалық маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов өз кезегінде бес приоритетке негізделген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі тапсырмаларын атап көрсетті. Ең алдымен, олар экономиканың даму қарқынын қамтамасыз етуге және дамыған 30 елдің қатарына кірудегі тұрақты алға басуды жалғастыруға негізделген.
– Елбасшысы әрбір азамат саяси және экономикалық қайта құруды түсіну үшін, қаржы қозғалысының ауқымы мен көлемін көру үшін мемлекеттің стратегиялық бағытын белгілеп көрсетті. Сол стартегиялық бағытты жүзеге асыруда әрбір пікір маңызды, сондай-ақ өзгертулер енгізіп қана қоймай, іс-әрекеттер атқаруымыз қажет, – деді Жанат Нұрпейісов.
Сондай-ақ, ол Елбасы жоспарларының жүзеге асуы аппарат қызметкерлерінің түсінігі, талпынысы және кәсіптілігіне байланысты екендігін атап өтті. Жолдаудың төртінші «адами капитал сапасын жақсарту» приоритетінде білім жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі және әлеуметтік қамту сияқты профильдік салалар қайта құру барысында өзгеруге тиіс.
- Президентіміз айқын көрсеткендей, үшінші жаңғыру экономиканың технологиялық жылдам жаңаруына бастама және жаңашыл салада мықты қозғалыс береді. Осы Жолдау арқылы еліміздің әр азаматына жаңа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді. Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындауымыз шарт, - деп қорытындылады маслихат хатшысы.
Отырыс барысында, аппарат қызметкерлері мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің дамуы маңызды екендігін және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыруда ат салысуға дайын екендіктерін білдірді.