Депутаттар Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құрметтеуі
05.05.2017
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Астана қаласының мәслихат депутаты,Астана қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының Қасенов Гайдар Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті.
Бекмәді Ахат Бекмәдіяұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, бүгін ол естеліктерімен бөлісуде. Ардагердің пиджагі көптеген айналы сыйлықтармен, ал сөрелері алғыс хаттармен және мәртебелі марапаттармен ілінген.
«Біз бейбіт елде өмір сүруге мүмкіндігіміз үшін, олардың жасаған ерлігі, Отанымызды қорғағандары үшін, ардагерлерге шексіз ризамыз, және олардың өмірін жеңілдету үшін барлық күш-жiгерiмізді саламыз» - деп Қасенов Гайдар атап өтті.
Мереке қарсаңында Соғыс ардагерлердің үйлеріне, өз елін қорғаған ата – әжелерімізге құрмет көрсетуге ниет білдірген адамдар келеді.Ең бастысы, олардың әрқайсысы ескерусіз қалған жоқ.
Өз кезегінде ардагер көрсетілген қамқорлық пен ықылас үшін зор алғысын білдірді.
Біздің ұрпағымызқан майданда жеңіс әкелген ардагерлеріміздің ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз керек.