2016 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы туралы Астана қаласы Қаржы басқармасының баспасөз-релизі
12.05.2017
2016 жылғы бюджет саясаты Астана қаласының Даму бағдарламасында және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында анықталған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуге бағытталды.
Өзіндік кірістердің көлемі 216 040,3 млн.теңгені немесе 102,8% орындай отырып құрады (жоспардағы 210 250,9 млн.теңге сомада) оның ішінде:
кірістік көздердің көлемінде 92,9% алатын салықтық түсімдер бойынша түсімдер 200 714,9 млн.теңгені немесе 102,9% құрады (жоспардағы 195 037,3 млн.теңге сомада), қосымша 5 677,6 млн.теңге келіп түсті;
салықтық емес түсімдер бойынша – 8 360,2 млн.теңге немесе 114,3% (жоспардағы 7 316,4 млн.теңге сомада), қосымша 1 043,8 млн.теңге келіп түсті;
негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша – 6 567,1 млн.теңге немесе 113,0% (жоспардағы 5 812,4 млн.теңге сомада), қосымша 754,7 млн.теңге келіп түсті;
бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша – 240,0 млн.теңге немесе 100% (жоспардағы 240,0 млн.теңге сомада);
қаржылық активтерді сатудан түсімдер бойынша – 158,1 млн.теңге немесе 109,1% (жоспардағы 144,8 млн.теңге сомада) қосымша 13,2 млн.теңге келіп түсті.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала бюджеті шығыстар бойынша 99,8 % атқарылды (жоспардағы – 433 465,5 млн.теңге атқарылуы – 432 477,8 млн.теңгені құрады немесе игерілмегені – 987,7 млн.теңге).
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша игерушілік 99,6%құрады (жоспардағы – 189 453,2 млн.теңге, атқарылуы – 188 691,4 млн.теңгені құрады), оның ішінде: ағымдағы бағдарламалар бойынша – 99,7 %, даму бюджеті бойынша – 99,6 %, кредиттер бойынша – 99,6 %.