Елордалық маслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
19.05.2017
Мажит Шайдаровтың төрағалығымен өткен кезектен тыс маслихат сессиясында 2016 жыл бюджетінің орындалу есебі бекітілген. Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыгүл Сүлейменова депутаттар назарына өткен қаржы жылында жергілікті бюджеттің орындалу нәтижесін ұсынды.
2016 жылы қала бюджетіне 431 млрд. 668,5 млн. теңге түсті. Есеп жылы салықтық инвестицияның жақсаруы қала бюджетіне түсімдер мөлшерінің өсуіне мүмкіндік берді. Жеке меншік кірістердің жиынтық көлемі 216 млрд. 40,3 млн. теңге, соның ішінде салықтық түсімдер бойынша 200 млрд. 714,9 млн., салықтық емес түсімдер 8 млрд.360 млн. теңгені құрады. Негізгі капитал сатылымынан түскен түсімдер 6 млрд. 567,1 млн. теңгені, ал қаржы активінің сатылымынан 158,1 млн. теңге түскенін атап өтті қаржы басқармасының басшысы.
Астана қаласының тексеру комиссиясының төрағасы Ғ.О.Молдаш маслихат қарауына мемлекеттік аудит және қажылық бақылау туралы Қазақстан Республикасы заңының 51-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының жыл сайынғы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеппен таныстырды.
Баяндамада көрсетілгендей, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда бюджет түсімдеріне жеке меншік кірістердің 24 млрд. 871,6 млн. теңгеге көп болғанын және 2016 жылы Астана қаласы бюджетінің шығыстары 433 млрд. 477,8 млн. теңгені құрағанын байқаймыз. Игерілмеген қалдық мөлшерінің жалпы жиынтығы 0,2% құрайды.
2016 жылы елордамызда жалпы өңірлік өнім бойынша экономикалық өсу үрдісі байқалады. Бұл көрсеткіш бойынша Астана қаласы Алматы қаласынан кейінгі 2-орынды иеленеді. Астана қаласында есеп жылы кезеңі бойынша жұмыссыздықтың ең төменгі көрсеткіші тіркелген.
Тексеру комиссиясының төрағасы өз баяндамасын қорыта келе, есеп кезеңі бойынша тексеру комиссиясымен 44 мекеме ұсталып, қазіргі кезде анықталған ереже бұзушылықтарға қатысты оларды жоюға бағытталған тиісті іс- шаралар жүргізіліп жатқанын,сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар администраторларының нәтиже көрсеткіштері толық көлемде жүзеге асырылғанын атап өтті.
2016 жыл бюджетінің орындалу есебінің қорытындысымен бюджет, экономика, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Мирас Шекенов сөз сөйледі. Жыл сайынғы бюджеттің әлеуметтік бағыттылығын ескере отырып, қаланың шет аймақтарын орнықтыруға қатысты мәселелерге аса назар аударды. Оған жолдар, коммуналдық желілер және өзге де мәселелер тізімі кіреді.
Жалпы, жекелеген талқылаулар мен тұрақты комиссияның біріккен отырыстарынан кейін 2016 жылдың бюджет орындалуының есебін бекіту ұсынылды.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин айқындалған бюджет жобасын ұсынып, бірінші кезекте қосымша қаржының қаланың қандай тапсырмаларына бағытталатынын айтты. Қала бюджетінің қаңтар-сәуір айлары бойынша меншікті табыстарының 113, 9 пайызға орындалуына байланысты, елорда бюджетінінің табыс бөлігін 9 млрд. 187 млн. теңгеге ұлғайту және 15 млрд. теңгеге мемлекеттік құнды қағаздар алып пайдалану ұсынылды. Сондай-ақ, қосымша қаржылар 3 аудан әкімдігі аппаратына елді мекендердің тазалағына, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына, ішкі істер басқармасының қызметкерлерін «ЭКСПО» барысында тәулік бойғы күзет кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етуге бөлінетіндігін тілге тиек етті. Қосымша қаржыландыру негізгі тапсырмасы Талдыкөл тоғанының ағын суларын жою болып табылатын коммуналдық шаруашылыққа және кіші Талдыкөл ауданындағы жер асты суларынның үстін реттеуге, автокөлік жолдары басқармасына автомобильдік жолдардың қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге, жол белгілерін қоюға, жолды жөндеу жұмыстарына бөлінетіндігін айта кетті.
Бюджетті нақтылауды талқылау барысында халық қалаулылары тарапынан көптеген сұрақтар туындады. «Елордамызда 5 жыл көлемінде 6 мектепте кірме жолдардың жоқтығын» алға тартып, назаланды қалалық маслихат депутаттары. Бұған қатысты әкім орынбасары Қосман Айтмұхамбетов әлеуметтік объектілермен қатар, мектептерге кірме жолдардың құрылысы туралы мәселелер жақын арада қарастырылып, шешілетіндігін жеткізді. «Комсомольский» тұрғын массиві ауданында барлық әлеуметтік объектілерге кірме жол жүргізілетіндігі, сондай-ақ бұндай жұмыстар теміржол вокзалы аймактарында және «Жасыл квартал» мен «Жағалау» тұрғын үй кешендерінде салыну жоспарланған.
Бұдан өзге, маслихат сессиясында мынадай сұрақтар қарастырылды: «Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы №105/16-VI «2016-2018 жылдарда іске асырылуы жоспарланған мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру туралы», «Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру туралы», «Астана қаласында балабақшалар салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері лауазымына тағайындау туралы.
Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасарлары Лукин А.И., Айтмұхаметов Қ.Қ., қала аудандарының әкімдері, елордамыздың департамент және басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.