Отбасылық құндылықтар –гендерлік саясаттың кепілі
23.05.2017
Кеше қалалық маслихат депутаттары көпшілік тыңдауда гендерлік тепе-теңдік мәселелерін талқылады. Мамандандырылған балалар үйін, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарын аралаған халық қалаулылары Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысының отбасы және қоғамдағы гендерлік қарым-қатынас пен мәдени қалыптасу жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруға байланысты ұсыныстарын тыңдады.
Жақында депутаттар бірқатар әлеуметтік объектілерді аралап, ондағы өмір сүруге жасалған жағдайлармен танысқанын естерінізге саламыз.
Астана қаласы маслихатының көпшілік тыңдауы сессия төрағасы Мажит Шайдаровтың төрағалығымен, сондай-ақ, гендерлік қарым- қатынас саласының мамандары, Астана қаласның ІІБ инспекторлары, ҒӨБ өкілдері және отбасындағы гендерлік қарым-қатынас пен мәдени қалыптастыру бойынша мемлекет саясатын жүргізумен айналысатын басқарма басшыларының қатысуымен өтті.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Римма Иманғазинованың айтуы бойынша, елордамызда отбасылық құндылықтарды нығайту мен гендерлік тепе-теңдік принциптерін ілгері бастыруға қажетті жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
– Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы 2030 жылға дейін бекітілген. Бірінші кезеңде ( 2017 – 2019 жылдар аралығында) отбасы және гендерлік саясаттың қол жеткізген нәтижелерін ары қарай дамыту іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жоспарланып, отбасы және гендерлік саясаттың 2017-2019 жылдарға көзделген жоспарларында қарастырылатын болады.
Келесі жылдары тағы да бірқатар гендерлік саясатты насихаттауға бағытталған тапсырмаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Баяндамашының сөздері бойынша, қазіргі таңда әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері кеңейтілуде. Әйел адамдардың бизнесте жетілуі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», «2020 бизнестің жол картасы», сонымен қатар, әртүрлі дүниежүзілік қаржы институтары мен «Даму» жеке кәсіпкерлігінің жетілдіру фондының бағдарламалары арқылы іске асырылуда.
– Әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы алдын ала қолданылатын шаралар күшейтілген. Елбасымыздың тапсырысы бойынша, заңнамадағы әйел мен балаға қарсы бағытталған қылмыстарға қатаң жаза қолдануға байланысты бөлімі кемеліне келтірілген. Астана қаласында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда әйелдер істері бойынша штатқа 5 инспектор енгізілген.
Соңғы үш ай көлемінде «Зорлық-зомбылық нәтижесінде ауыр жағдайға тап болған жандарды баспанаға алатын- Дағдарыс орталығының» сенім телефонына тұрмыста зорлық-зомбылық көрген отыздан астам әйел қоңырау шалған. Астана қаласының Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің ақпараттары бойынша, үй зұлымдығын көрген құрбандар саны екі есе көп. Олардың ішінде 18 әйел адам Дағдарыс орталығының баспанасына жіберілген.
Астана қаласының ІІД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы Ақмарал Серікбаеваның ақпараттары бойынша, өткен жылмен салыстырғанда әйелдер арасында өздеріне қол жұмсамақ болған әйелдер саны күрт өсіп отыр.
Сөз сөйлеген депутаттар: Әбден Қ.Ж., Табулдина А.Ж., Умербаева Р.Ф. Депутаттар денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармаларымен, өзге де мекемелермен біріге отырып суицидтің күрт өсуіне не себеп болғанын анықтау қажеттігін ескертті. Отбасы мен қоғамдағы гендерлік қарым-қатынас және мәдени қалыптасуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен белгілі бір мөлшерде қаржы бөлінеді, бірақ қаржылар бірнеше бюджеттік бағдарламалар администраторларымен бөлініп алынған. Осыған байланысты аталмыш шараларды іске асыруға бөлінетін қаржыларды жүйелендіру, сонымен бірге үкіметтік емес секторлардың әлеуметтік инновацияларға қатысу үлесін ұлғайту, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен бірлесе отырып видеороликтер, жарнамалық тақталар жасауға ат салысуын ұсынды.
Бұл тақырыпқа мәжіліс депутаттары нақты жоспарлар құрастырып алғаннан кейін қайта оралуға ниетті.
Көпшілік тыңдау жұмысына Астана қаласының маслихат хатшысы- Нұрпейісов Ж.Ғ. қатысты.