Маңдайша ілу астанамыздың ажарын бұзады
02.06.2017
Ғимараттардың алдына абыл-сабыл орналастырылған жарнамалық маңдайшалар елордамыздың сырт бейнесін бұзады. Тұрақты комиссия мәжілісінде қалалық маслихат депутаттары сыртқы жарнаманы қалай ретке келтіру керектігін талқылады.
Сәрсембек Жүнісовтің төрағалығымен өткен құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссия отырысында қалалық басқарма басшылары сыртқы жарнаманы орналастыру мен Астана қаласындағы ПИК қызметіне қатысты тұрақты комиссия қаулысының жүзеге асуы барысынан ақпараттар берді.
Сәулет басқармасының ақпараттары бойынша, елордамызда өз еркімен сыртқы жарнама орналастырушы 250 мекемеге түсініктеме беретін ескертулер тапсырылған, оның 121 жарнамалық нысаны өз иесімен демонтаждалған. Бұдан өзге, Астана қаласының ІІД 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырған.
Қала құрылысы мен сәулет Басқармасының басшысы Қайрат Қожамжаровтың айтуы бойынша, жарнама жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында өзгертулер енгізу бойынша бастамашылық етілді, бірақ мұндай түзетулер «Жарнама туралы» және «Қазақстан Республикасының мәртебесі» жөніндегі заң жобаларының қарастыратын мәселелеріне жатпайды деген тұжырыммен қолдау таппаған.
Нормативтік құқықтық актілер ғимараттар алдына жарнамалық маңдайша ілу тәртіптерін реттемейтін болып шықты. Бұл баяндамашының сөздері бойынша, жарнамалық маңдайшалардың тәртіпсіз және бақылаусыз ілінуіне жол береді. Заңнамаға енгізуге ұсынылған түзетулер маңдайшалар ілудің уақыт тәртібін енгізу мен ғимарат алдын безендіру бойынша жергілікті атқарушы органдарға өкілеттік беру кәсіпкерлерге маңдайшалардың қандай стандартқа сай іліну керектігінен көрнекі болар еді.
- Бүгінгі күнге көптеген кәсіпорындар тек бірінші қабатта орналаспаған. Әрбір кәсіпкер сыртқы қабырғаны өзінің меншігі санап, жарнамалық маңдайшаларды өз талғамына сәйкес іледі. Осылайша, ғимараттар әшекейлеген гүл тізбегіне айналады,- дейді Қайрат Қожамжаров.
- «Жарнама туралы» заңнамада маңдайша ілу туралы түсінік жоқ. Заңнамалық деңгейде маңдайшалар ілуді келісілген түрде ілуге мүмкіндік беретін ережелер жасаған болатынбыз, алайда олар заңнамалық актіге кірмеді. Бізге тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін уақыт тәртібін бөлек тарау ретінде абаттандыру ережелеріне енгізу ұсынылды,- деп нақтылады басқарма басшысы.
Өз кезегінде комиссия төрағасы Сәрсембек Жүнісов, жаңа ғимараттарды жобалауда міндетті түрдегі тәртіп бойынша жарнамалық жазықтарға арнайы жүргізілген аумақтар талап етілетін болады, бірақ одан тәртіп бұзушылар азаяр еместігін сөзге тиек етті. Мәселен, Сарайшық көшесінде арнайы жүргізілген жарнамалық орындарға қарамастан маңдайшалар абыл-сабыл ілінді.
Қалалық маслихат депутаттары басқарма басшыларының уақыт тәртібін енгізуге қатысты ұсыныстарын қолдады. Өзгертулер мен толықтырулар кейбір заңнамалық актілерге де жарнамалық мәселелер бойынша енгізуді талап етеді.
Тұрақты комиссия отырысы барысында депутаттар тұрғын үй инспекциясы Басқармасының басшысы Алихан Қуатбековтің Астана қаласындағы ПИК қызметін жетілдіру туралы баяндамасын тыңдады. 16 таңдау округінің депутаты Ирина Манжанова салушылардан кондоминиумды ПИК-ке беру жұмыстары қалай жүріп жатқандығын сұрады. Депутаттың айтуы бойынша, салушыларға рәсімделгендіктен өз үйлеріннің техникалық және жертөле бөлмелеріне кіре алмайтындықтарын айтып тұрғындар көп арызданады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда кондоминиумға тіркелу Астана қаласы бойынша 94% құрайды. Осылайша, Астана еліміздің өзге аудандарының ішінде бірінші орынды иемденеді. Кондоминиумға тіркелу меншік иесіне өз мүлкін толыққанды қолдануға құқылы болып, өз тұрғын үйін басқарудың кез келген түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй инспекциясы Басқармасымен 1950 жылдар мен 2000 жылдар аралығындағы техникалық тексеруді қажет ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізімі анықталған. Олардың жалпы саны 3млн. 120 мың кв.м. 1416 көпқабатты құрайды.
2013-2016 жылдар аралығында 537 тұрғын ғимараттарына техникалық тексеру жүргізілген, соның ішінде 372 апаттық жағдайда, оның 228 ғимараты 2017 жылдың соңына дейін бұзуға кетеді.
Комиссия жұмысына Астана қалалық маслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов, басқарма басшылары, аудан әкімдігі басшылары, қалалық ПИК Ассоциациясының өкілдері қатысты.