Жүректен жүрекке. Маслихат депутаттары қайырымдылық акциясын өткізді
13.06.2017
Көптен күткен жаз мезгілі ұмытылмас тосын сыйлардан басталды. «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы аясында қалалық маслихат депутаттары қайырымдылық ұйымдар мен меценаттармен бірлесе отырып әртүрлі науқасы бар балаларға көмек көрсетіп, оларға арнап бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.
Балаларды қорғау күніне МКК «№ 10 қалалық поликлиникада» көңілді мереке өтті. Мерекені көңілді атап өтуге мүмкіндігі шектеулі 30 бала ата-аналарымен шақырылды. Балаларға арнап көптеген тосын сыйлар дайындалды- көңіл көтеретін ойындар, сұрақ-жауап, байқаулар. Балаларға көңілді мереке ұйымдастырып, назардан тыс ешкімді қалдырмау үшін «ByroGlazEvents» компаниясының аниматор-волонтерлары шақырылды. Олар елордамыздың ең жас тұрғындарына арнап қызықты мерекелік бағдарлама әзірледі, соның ішінде әсіресе, сабынның көбігі балаларға ерекше әсер қалдырды. Бұнымен тосын сый бітпеді. Қандай мереке сыйлықсыз болушы еді?! Базарлықсыз ешбір бала қайтқан жоқ. Мейірімді сиқыршы ретінде маслихат депутаты Саят Батпенов және ТОО «МегумиСтройСервистің» бас директоры Ш.Болсамбекова өнер көрсетті, сондай-ақ, мерекеге олар өз балаларын да ерте келді. Бірлескен ойын барысында барлық балалар лезде достаса кетті.
– Ұйымдастырушылар мен демеушілерге және қайырымдылық жасауға көмек көрсеткен аниматор компаниясына шексіз алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіз бұл– қайырымдылықты дамытуға және әлеуметтік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға қосқан бағалы үлес. Сіздердің жомарттықтарыңыз бен мейірімділіктеріңіз жүз еселеніп қайта берсін. Сіздерге бар жақсылық пен денсаулық және көркейе берулеріңізді тілейміз,- деп тілегін білдірді МКК «№10 қалалық поликлиниканың» педиатрия бөлімінің меңгерушісі Мамаева Б.Б.
Мерекеге келген ата-аналар да мерекені ұйымдастырушылар мен демеушілерге балаларға бірнеше сағат бақыт сыйлап, сыйлық жасағандарына алғыс білдірді. Балаларының күлкісі мен қуанышын көру олар үшін үлкен бақыт. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға қатыса алмаған балалар да маслихат депутаттарының назарынан тыс қалмады. Олармен халық қалаулылар бөлек кездесіп, үйлеріне барса, кейбір мұқтаж отбасылардың мекен-жайына сыйлықтар мен сыяпаттар жөнелтті. Бұл күндерде БЦП және гемиплигей науқасымен азап шегуші Нұрсұлтан Какимовтың жанұясы осындай аса қажетті көмек пен қолдауға ие болды. Баланың еміне едәуір қаржылық көмекті қалалық маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов табыстады. Науқастан зардап шегуші баланың туыстары үшін қалалық билік тарапынан мұндай көмек нағыз сыйлық болды. Бұдан өзге Жанат Нұрпейісов Нұрсұлтанның еміне қажет барлық дәрі-дәрмектерді алып берді. Қаржылық көмек пен қымбат медикаменттерден кейін Нұрсұлтанның ахуалы жақсарады деп үміттенеміз.
Балаларды қорғау күніне тағы бір маңыздылығы кем емес іс-шараны маслихат депутаты Алтыншаш Табулдина өткізді. Отбасы денсаулығы орталығы №1 ҚКП «Қалалық №5 поликлиника» меңгерушісі Майра Бабажанова мен участкелік медбике Жұлдыз Досмухамедовамен ауыр науқас түрінен азап шегуші балалардың үйіне бірге барып қайтты. Дәрігерлер бес жасар Юра Савасинге тәтті базарлық пен сыйлықтарымен келді. Бала БЦП-ның ауыр түрінен зардап жегіп жүргендіктен оған қол моторикасын және ойлау қабілетін дамытатын сабақтармен шұғылдану қажет. Осы мақсатпен Юраға физикалық және ақыл-ойды дамытатын арнайы конструктор сыйға берді.
Осындай сыйлықпен 2004 жылы туған Өмірзақ Бекетовті де қуантты. Бала Дауна ауруымен ауырады, сондықтан конструктор оның еміне қажет болып табылады.
Қонақтардың келуі тек балалар үшін ғана емес, ата-аналар үшін де тосын сый болды. Олардың айтуы бойынша, кездесу барысында олар депутаттар мен дәрігерлерден кеңестер алып, өз балаларының көңіл-күйімен, өздерінің алаңдаушылықтарымен бөлісті. Қиын өмірлік жағдайдағы отбасыға маслихат депутаты Аман Аюпов та өз қол ұшын созды. Жақында аса ауыр науқас- ми қанайналымының бұзылуын өткерген жеті жасарлық Динара Болатбектің отбасында болып, жағдайларының киын екенін аңғарды. Қыздың анасы тағы екі баламен қала сыртындағы жалдамалы пәтерде тұрады екен. Балалардың екеуі мүгедек болғандықтан ем қабылдап тұру үшін елордаға көшуге мәжбүр болған. Қазіргі таңда екі қызы да «Қасиетті жол» қайырымдылық фонды бойынша емделуде, алайда балаларға тұрақты түрде ем қабылдау қажет.
Сапар барысында Аман Аюпов қыздардың сапалы массаж алулары үшін үлкен қаражат қажет екенін аңғарды. Халық таңдаулысы бұл отбасыға материалдық көмек көрсетіп, балаларға дамытпалы ойыншықтар сыйлады. Одан бөлек, ол ата-аналарға мемлекеттік тапсырыс аясында осындай диагнозы бар балаларға көмек көрсететін ТОО «Реабилитация орталығына» жүгінуге кеңес берді.
Ауыр науқастан азап шегуші балалары бар отбасыларға әлеуметтік және қаржылай көмекті маслихат депутаты Сарсембек Жүнісов та көрсетіп, көптен бері велосипедті армандап жүрген Жансабек Жанатовқа тосын сый жасады.
Депутат Мирас Шекенов Темірлан Қошановқа қымбат тұратын және сирек дәрі-дәрмектер сыйласа, Есенжол Бекішов Айара Рахимбердиеваның еміне қажет медикаменттерді алуға қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, Мұсаев Мадияр, Айара Сайлаубекова, Нұргелді Сайлаубек, Алишер Байшолановтар да назарсыз қалмай, депутат Ғайдар Қасенов, Сергей Солодовников пен Рамзия Өмірбаевалар тарапынан әлеуметтік көмекке ие болды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға шығармашылық қабілетін дамыту үшін елордамыздың маслихат депутаттары «Мейірімділік-М қайырымдылық қоры» фондына музыкалық орталық тарту етті. Бұл фондтың балалары қалада өз таланттарымен танымал. Бірнеше рет қалалық шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі бірінші орындарға ие болған. Енді жаңа музыкалық орталық арқылы талантты балалар музыкамен айналысып қана қоймай, аранжировкамен де айналыса алады. Бұл педагогтар мен тәрбиелеушілердің айтуы бойынша, балалардың музыкалық қабілетін терең ашуға көмектеседі.
Қазіргі таңда «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы шеңберінде депутаттар балаларға көмек беруін жалғастыруда.