Аспан асты елінің Провинциясы маслихат депутаттарын несімен таң қалдырды?
26.06.2017
Қалалық маслихат депутаттары Қытай елінің энергетика саласы мен ІТ аясындағы ең заманауи зерттемелермен танысты. Кеше Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде Хубэй (Қытай) провинциясының Күндерінің ашылуы болды. Чжоу Цайцзюань ханымның басқаруындағы Қытай делегациясының шақыруымен қалалық маслихат депутаттары шақырушы елдің павильоны мен Тайланд елінің павильонын аралады.
Қытай провинциясы өкілдерімен өткен кездесуден халық қалаулылары ерекше әсермен оралды. Әрине, екі елді ежелден келе жатқан тығыз ынтымақтастық тек инвестиция саласы мен саудада ғана байланыстырып қоймай, сонымен қатар, белсенді іскерлік, мәдени және гуманитарлық өзара қарым-қатынас байланыстырады. Мұны өзінің алғы сөзінде маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов КХДР елінің төтенше және өкілетті елшісі Чжаном Ханьхуэймен кездесуде атап өтті.
– Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде Хубэй (Қытай) провинциясының Күндерінің ашылуына қатыса отырып, еліміздің кәсіпорындары мен мекемелері екі ел көшбасшыларымен қол жеткізілген уағдаластықты белсенді түрде жүзеге асыруда, сондай-ақ, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік ұлғайтылуда екендігін айта кеткім келеді. Астана қаласында қытай елімен бірге LRT бағдарламасы іске асырылуда және де кеңсе тауарларын шығаратын зауыт құрылысы жобасы жасалуда. Хубэй провинциясының Халықаралық «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы болашақта Қазақстан мен Қытай елдерінің арасындағы экономикалық дамуға, Хубэй провинциясы мен Астана қаласы арасындағы сауда, мәдени және экономикалық байланыс пен әріптестік деңгейінің өсуіне өз ықпалын тигізеді деп үміттенеміз,- деді Жанат Нұрпейісов.
Кездесу барысында депутаттарды Қытай павильонын аралауға шақырды. Хубэй провинциясының көрсетім залында қонақтар шапшаң жылдамдықтағы темір жолды басқару тренажерының қалай жұмыс жасайтындығымен танысты, сонымен қатар, соңғы инновациялық технологиялармен жасалған экспонаттарды қарап шықты. Әсіресе, күн энергетикасы мүмкіндіктерін көрсететін «Адам жасаған күн» экспонаты ерекше әсер қалдырды.
Сонан соң, депутаттарға қатысушылар арасында іскерлік кездесу өтетін қабылдау залына өту ұсынылды. Төтенше және өкілетті КХДР елшісі Чжан Ханьхуэй елордамыздың маслихат депутатарына Астана қаласындағы Хубэй провинциясының Күндерінің ашылуына қатысқандары үшін өз алғысын білдіріп, келешектегі жемісті әріптестікке деген үмітін білдірді. Сондай-ақ, ол қонақтарға Хубэй қытай провинциясы туралы қысқаша баяндап беріп, соңынан депутаттарды Қытай елінің орталығында орналасқан провинцияның бүкіл көрнекті жерлерін видеозалда тамашалауға шақырды.
Аймақ тұрғындарының саны 63 млн. адам, әкімшілік орталығы- 10 млн. тұрғыны бар Ухань қаласы. Провинцияның негізігі индустриясы- жоғары технологиялық өндіріс, шикізат өндіру, гидроэнергетика, туризм және ауыл шаруашылығы. Провинция екі негізгі темір жол мен көлік бағыттарының-Пекиннен Гонконгқа, Шанхайдан Чунцинге дейінгі жол қиылысында орналасқан. Мұнда қызмет көрсету жүйесі мен туризм өте жақсы дамыған.
Қытай павильонынан өзге депутаттарды соңғы заманауи зерттемелер негізінде жасалған энергия көздерін жаңғыртатын Таиланд көрмесінің экспонаттарын тамашалауға шақырды.
Хубэй провинциясының делегацияларымен өткен кездесуден астаналық маслихат депутаттары жағымды әсермен және алдағы уақытта Астана қаласы мен Хубэй провинциясы арасындағы достық қарым-қатынас пен әріптестікті жалғастыруға деген ықыласпен оралды.