Қайырымды жүрек акциясы
28.06.2017
Қалалық маслихат депутаттарының қайырымды іс акциясы жалғасуда. Осы уақытқа дейін жүздеген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді. «Мейірімді жүрек» қайырымдылық іс-шарасы аясында ауыр науқастан зардап шегуші тағы да үш балаға халық қалаулылыры тарапынан көмек берілді.
Қалалық маслихат депутаттарының қайырымды іс акциясы жалғасуда. Осы уақытқа дейін жүздеген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді. «Мейірімді жүрек» қайырымдылық іс-шарасы аясында ауыр науқастан зардап шегуші тағы да үш балаға халық қалаулылыры тарапынан көмек берілді.
Қайырымдылық эстафетасын тек елордамыздың маслихат депутаттары ғана емес, сонымен қатар көптеген қайырымдылық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер де жалғастырыруға ат салысты. Соңғы ай көлемінде өз еркімен қол ұшын созам деушілердің артуына байланысты өмір тәлкегіне тап болған жандарға көмек көрсетілді.
Көмек көрсетудегі басымдық ең алдымен, ауыр науқасы бар бала тәрбиелеуші отбасыларға болмақ. «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясының бірінші күнінің өзінде 10-нан астам балаға қаржылық көмек пен қымбат тұратын дәрі-дәрмектер жеткізілді, жүздеген мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап екі концерт ұйымдастырылды. Ал таяуда ғана 16 таңдау округінің депутаты Ирина Манжанова жалғыз анасы тәрбиелеп отырған үш жасар Темір Айдархановтың жағдайын білді.
Отбасы туыстарымен бірге жалдамалы пәтерде қаржы тапшылығымен өмір сүреді. Анасының өтініші бойынша депутат қажетті дәрі-дәрмектері мен ингалятор алып берді. Бұдан өзге депутат тұрақты түрде бұл отбасыны өз қамқорлығына алып, алдағы уақытта да қажетті дәрі- дәрмектерді алып беруге уәде берді.
Ауыр науқастан зардап шегуші тағы бір балаға депутат Алмаз Ким қол ұшын созып, 2011 жылғы Медина Айдынқызының оңалту курсының қаржысын төледі.
– Ата-анасының мықты ерік жігерінің арқасында тұрақты оңалту курстарының, массаж алудың нәтижесінде Мединаның беті бері қарауда. Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан бір ай көлемінде қызды сауықтыруға қажет қаржылар төленіп тұратын болады. Отбасы қала сыртындағы саяжайда 4 баланы тәрбиелеуде. Мүмкіндігі жеткенше ата-аналары қосымша табыс табуға тырысады,- деп атап өтті депутат.
Қыздың ата-аналары қаржылай көмек дер кезінде келіп, енді емін ары қарай жалғастыра аламыз дейді.
Бөтеннің жан азабына депутат Зәуре Жусупова да жайбарақат қарап қала алмады. Ташен Әділет өздігімен қозғалып тұра алмайтынына қарамастан, мақсатшыл және өмірге құштар.
– Әділетке аз да болса жылулық пен қуаныш сыйлағым келді. Тәтті базарлықтар мен планшетті сыйлағанда баланың жүзіндегі қуанышты көру жүректі жылытты. Бала тек оқып қана қоймай, тыңдауға да болатын ертегі кітабына да шынайы қатты қуанды.
Депутаттың айтуы бойынша, бала күнделікті жаңа нәрселермен танысып, ерінбей-жалықпай сауықтыру шараларын алады. Оған ата-анасы мен оның тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын жандар көмектеседі, солардың қатарында енді Зауре Жусупова да бар. Олар баланың өз аяғына тұрып, улкен мақсаттарға жететініне сенеді. Халық қалаулыларынан көмек алған барлық балалардың жақын арада сауығып кетуін тілейміз. Ал, қазірге «Мейірімді жүрек» акциясы жалғасады!