Елорданы абаттандыру Ереже бойынша жүргізілетін болады
20.07.2017
Депутат Мұхтар Төлеутаев басшылығымен қалалық маслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде қаланың әлеуметтік және коммуналды-тұрмыстық саласы бойынша 18 сұрақ талқыланды.
Астана қаласы аумағын абаттандыру Ережесі екі жыл талқыланғаннан соң, қалалық маслихаттың кезектен тыс сессиясында ақыры қабылданды. Бірақ, бұл барлық депутаттарды қанағаттандырған жоқ. Халық қалаулылары Ереженің кейбір пунктеріне қажет болған жағдайда түзетулер енгізіп отыруға шешім қабылданды. Әлбетте, олар бұл сұраққа әлденеше рет қайтып оралады.
Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Солтамбеков сессия қатысушыларын осы Ереженің кейбір параграф пункттерімен таныстырды, тақырып қайтадан пікір-таласқа айналды. Маслихат депутаттары ғимараттардың істен шыққан абаттандыру элементтері және көмескі жарық архитектурасын жою мерзімі туралы қайтадан сұрақтар қойды. Жергілікті басқару өкілдерінің ойлары бойынша тағайындалған мерзімде коммуналдық ресурстардың жетіспеуіне байланысты жөндеу жұмыстарын бітіру мүмкін емес.
Жаңа Ережеге сәйкес ғимараттар пен құрылыстардың қасбетін күту бойынша архитектуралық көмескі жарық істен шыққан жағдайда 3-қабатқа дейін 24 сағат ішінде, үшінші қабаттан жоғары 72 сағат ішінде ауыстырылуы қажет.
Депутаттар тарапынан аудан ішкі орамдарының қар жинау мерзімі туралы сұрақтар туындады, өйткені, жаңа Ережеге сәйкес қар жауғанннан кейін бір тәулікке дейін уақыт берілген. Бірақ, Нұрлан Солтамбеков осы жұмыстарды орындауға уақыт жеткілікті, өйтпесе бір күннен кейін қар мұзға айналып күресу қиынға түсетіні туралы айтты. Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Солтамбековтің айтуынша, үлкен магистральда қардың деңгейі 19 сантиметрден жоғары болғанда қарды тазалауға коммуналдық техникаларға үш тәулік беріледі. Нұрлан Солтамбеков баяндау кезінде атап жаңа Ереженің редакциясында жер орын пайдаланушылар мен объектілерді орналасу иелері арасында қарды тазалау шекарасы нақты белгіленгенін атап өтті.
Тұтас алғанда аудандарды абаттандыру және тазалықты қамтамасыз ету бойынша Ережеге заңды және физикалық тұлғалардың қалалық аудандардың және асфальт жабынуды ашу жұмыстарын жүргізу кезіндегі жауапкершіліктері қосылған. Ұйымдардың осы жұмыстарды жүргізу және инженерлік желілерді пайдалану мерзімі белгіленді.
Бұдан басқа, көшелерді, тұрғын үйлерді және шағын аудандарды абаттандыру Ережесінің бөлігінде жасыл аймақта, балалар алаңында, ішкі квартал аймақтарында, жаяжолда қызметтік және жеке көліктермен кіру мен қоюға тиым салынған. Сонымен бірге, ішкі квартал аймақтарында, жолдарда және аяқжолдарда металдық кедергі, бетондық блок және шлагбаум қондыру арқылы диспетчерлік қызметтен басқа қозғалысты шектеуге тиым салынған.
Ведомства мамандарының алдындағы ескертулерді есепке алуға тырысқанына қарамастан, 21- сайлау учаскесінің депутаты Гайдар Касенов осы Ережелер алдыңғы жылы бірнеше рет белсенді түрде талқыланғанын, Типтік ережеге сәйкес емес екендігін атап өтті. Осыған байланысты «Олар Әділет департаментімен келісіледі ме» деген сұрақ туындады?
- Белгіленген Типтік Ережесінің пунктерінен айырмашылық болғаннан кейін Департамент тіркеуге қоймады. Сонан соң олар сәйкестікке келтірілді. Қала аумақтарын және жол жабуды ашу Ережесінің тарауында ескертулер болды, содан кейін осы пунктілер қысқартылды. Қазір біз жол желісін күту регламентімен, көшелерді жаздық және қыстық тазалау, инженерлік желіні салу және басқа параграфтармен жұмыс жасап жатырмыз. Әрбір пункт ережеленетін болады, - деп сендірді Нұрлан Солтамбеков.
Қорытындылай келе, көпшілік депутаттар Астананы абаттандыру Ережесін сол редакцияда қабылдауын қолдау туралы пікірлерін айтты, көпшілік дауыспен қабылдау туралы дауыс берді.
- Біздің комиссия құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі сұрақтарды жыл бойы талқылайды. Осы уақыт аралығында қала осы Ережеге сай жүргізілмеген, ол дегеніміз коммуналдық кәсіпорындардың жұмысы бұзушылық және ауыртпашылық болып табылады. Әрине, олар жете дұрыс еместігін атап айту керек, өте көп кемшіліктер бар. Бірақ бұл сұрақтар депутаттармен бірнеше рет талқыланды. Мен ойлаймын, Ережені осы мән мәтінмен қолдау қажет, өйткені бізге ешкім жұмыс кезінде өзгерістер енгізіп отыруға кедергі бермейді. Қалаға осы Ережені қабылдау қажет, кері жағдайда атқарушы органдарына талап беру рычагымыз болмайды, - деді 25 сайлау учаскесінің депутаты Еркегалий Есенжолов
Кезектен тыс сессия барысында инвестиция және даму басқармасының басшысы Алишер Абдыкадыров «Астана қаласында фотовидеожазу және видеосараптама аппараттық-бағдарламалық кешенін ашу және пайдалану» бойынша қаланың қауіпсіздігін қамтамсыз ететін Мемлекеттік жеке әріптестік жаңа жобасы ұсынылды.
Бұдан басқа сессияда бөлек категориядағы азаматтарға қалалық көлікте жол ақысын төлеуден босату туралы әлеуеметтік көмек көрсету туралы, қаңғыма ит пен мысықты ұстау және жою туралы, серуендету және ұстау бойынша Ережеге өзгерістер енгізу туралы және "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы сұрақтар қаралды.
Астана қаласы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствааралық комиссияның Астана қаласы нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру бойынша ведомствааралық штабының, Астана қаласы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу комиссиясының, Астана қаласы әкімшілігінің кәсіпкерлік сұрақ бойынша Эксперттік кеңесінің, Астана қаласы әкімшілігінің кейбір ведомствааралық комиссия құрамын өзгертуінің құрамын бекіту шешімдері қабылданды.
Сессия жұмысында қалалық басқармалардың, қалалық аудандардың басшылары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.