Астана қаласы маслихаты мен Хайнань провинциясының өкілдері өзара тиімділік ынтымақтастық жөнінде келісті
15.08.2017
14 тамыз күні "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында елордамыздың маслихат депутаттары мен Қытай Халық Республикасы Хайнань провинциясы Халықтық Саяси Консультативтік Кеңесі комитетінің төрағасы Юй Сюнь басқарған өкілдермен кездесу өтті.
Юй Сюнь мырза делегация мүшелерін таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. Қытайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан Хайнань провинциясы 1988 жылы ең жас және жалғыз тропикалық арал провинция болып құрылған. Өзінің жастығына қарамастан Хайнань провинциясы бүгінде Қытайдың экономикалық дамыған аймағы болып есептеледі. Тропикалық климаты арқасында мұнда ауыл шаруашылығы және туризм табысты дамуда. Провинцияның өнеркәсібі дамыған болып есептеледі. Бүгінде Хайнань аралы Халықаралық туристік аймақ болып табылады, - деді Юй Сюнь мырза.
Жыл сайын Хайнаньға тартылған шетелдік инвестиция ұлғаюда, сондықтан қолайлы инвестициялық климат құрылуда. Хайнаньда негізі туризм, жоғары технологиялық өнеркәсіп және тропикалық ауыл – шаруашылық, тропикалық жеміс – жидек, көкеністер дамыған сфералар болып табылады, - деп Қытай Халық Республикасы Хайнань провинциясы Халықтық Саяси Консультативтік Кеңесі комитетінің төрағасы Юй Сюнь баяндады. Хайнань өкілдері Астана маслихатының депутаттарын Провинциясына қонақ болуға, сонымен қатар оның экономикалық және туристік мүмкіндігімен танысуға шақырды.
Астана қалалық маслихатының төрағасы Жанат Нұрпейісов Қытай қонақтарымен сәлемдесе отырып, депутаттарды олардың қызметтерін айта отырып таныстырды. Олардың ішінде «Астана» медициналық университетінің ректоры Мажит Шайдаров, «Астана» Корпоративтік қорының директоры Гүлнар Данбаева, «Жекелеген сауда қауымдастық компаниясының» атқарушы директоры Илья Мещеряков, ТОО «Фирма «Алкон+" директоры Аман Аюпов, «Қазақ қызы» ҚҚ мәдени-әдеп тәрбиелеу әйелдер институтының құрылтайшысы Қарақат Әбден қатысты.
Қазақстан мен Қытай арасында өзара тиімділік ынтымақтастық дамуда. Біздің халықтардың бейбіт өмір сүруі ерте, тарихы сонау ғасырларға барады. Қазақстан-Қытай достастығы мен ынтымақтастығына Ұлы Жібек Жолы дәлел болып табылады. Бүгінгі кездесу "Астана ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілуде. Бұл кездесудің Хайнань провинциясы Халықтық Саяси Консультативтік конгресс пен Астана қаласы маслихатымен достық қарым-қатынас орнату мақсатында өткізіліп жатқандығын тілге тиек етті.
Маслихат хатшысы Қытай өкілдерін 19 жылдық мерейтойын атап өткен жас елордамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір көрсеткіштерімен таныстырып өтті. Бүгінгі таңда елордамызда 1002,9 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 1,5 мың шаршы метр үй салынуда. Қаланың экономикасына 358,6 млрд. теңге немесе 1126,1 млн. АҚШ доллары инвестицияланған. Бұл өткен жылға қарағанда 11,3 пайызға жоғары.
Астана қаласына дүниежүзінің басқа үлкен мегаполистерімен достық қарым –қатынас орнату үлкен маңызы бар, соның ішінде Қытай Халық Республикасының қалалары мен провинцияларының орны бөлек. Бүгінгі күнде Астана мен Пекин және Үрімші қалаларымен тығыз қарым – қатынас орнатылған. Астанада кейбір Қазақстан – Қытай біріккен жобалары жүзеге асырылуда. Ол елордамызда жеке рельс көлік жүйесін салу және енгізу үлкен жобалардың бірі. Бұдан басқа, қалада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық зонасы құрылған, индустриялық саябақ аумағында инвестициялық жобалар іске асуда. Ол үшін бұл жерде жеңілдік салық режимі жасалған, корпоративтік салықтан, жердің салығы, мүлік салығынан босату қарастырылған және бажсыз кеден зонасы ұсынылатынын баяндады қалалық маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов.
Кездесу барысында депутат Мажит Шайдаров медицина сферасында қарым – қатынас сұрақтарын көтерді. Депутат Қарақат Әбден Астана –Хайнань тікелей әуе қатынастарын ашу туралы сұрақтарды қарастыруды ұсынды.
Кездесу соңында маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов Қазақстан астанасы – Астана қаласына қызығушылық танытқаны үшін және мемлекеттік басқару органы – маслихатқа алғысын айтып, екі қала арасында тығыз қарым –қатынас орнайтынына сенімділігін білдірді.