Ағаштарға есеп-қисап қажет
18.08.2017
Елордамыздағы барлық ағаштар мен бұталар зерттеліп, есепке алынатын болады. Қоғамдық кеңес отырысының қатысушылары табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұса Танабаев ұсынған қалада жас көшеттер отырғызу Ережелерінің мазмұнын талқылады.
Коммуналдық қызмет қарауындағы барлық жас көшеттер біртұтас жасыл қор құрып, қорғауға алынуы тиіс. Тізімге мемлекеттік орман қоры мен республикалық және жергілікті ерекше күзету аумағындағы, сондай- ақ дербес тұрғын үй мен қосалқы жеке шаруашылық аумағындағы, қала сыртындағы саяжай аумағы мен зират аумағындағы көшеттер кірмейтінін ескертті басқарма басшысы.
– Әкімшілік- аумақтық жекелікке жанасымды көгалдандыру аумақтарын жетілдіру дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізілетін болады, – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Сәкен Исаев. – Аумақты көгалдандыру жұмыстарының барлығы бекітілген жобалар бойынша жүзеге асырылады. Көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу сапасы мен орындалып жатқан жұмыстардың бекітілген жабаларға сәйкестігі Заңға сәйкес авторлық қорғаумен жүргізіледі.
Сол арада Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов астанамыздың Президенттік саябағын қадағалайтын қаланың коммуналдық кызмет жұмысын қатты сынап тастады.
– Президенттік саябақта қаншама ағаштар отырғызылды және бүгінгі күнге қанша тірі ағаштар бар? Соны айтатын адам бар ма? Кім соңғы рет инвентаризация жасады? Суғару жүйесі бұзылған және жұмыс жасамайды, ағаштардың 50% солып қалған. Бұған кім жауап береді? – деп сұрауға алды Сансызбай Есілов жас көшеттерді қорғау мен баптау Ережелерінің мазмұны талқыланған қалалық Қоғамдық кеңес отырысында.
Бұл сынға басқарма өкілі саябақты салу бойынша тапсырыс беруші қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы болатынын жеткізді. Өткен жылы олар арнайы іс-шаралар қолданып, коммуналдық меншікке бергендігі анықталды.
– Біздің басқарма теңгерімінде тек жасыл белбеу, ал қала ішін көгалдандыру аудандық басқарма теңгеріміне кіреді. Бүгінгі күнге қала әкімі деңгейінде қайта жөндеу жұмыстарының қажеттігі, саябақты күрделі жөндеуден өткізу және жас көшеттер отырғызу сұрақтары көтерілгендігін атап өтті Сәкен Исаев.
Оның айтуы бойынша, қалада тап қазір барлық жасыл көшеттерді кең ауқымды инвентаризация жасау жұмыстары жүруде.