Ұлы ақынды еске алу
23.08.2017
Қалалық маcлихат депутаттары Абай ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. «Абай әлемі және рухани жаңғыру» салтанатты шарасы белгілі қазақтың ақыны мен жазушысына 172 толуына байланысты өткізілді.
Дәстүрге сәйкес мерекелік шара Ұлы Абай ескерткішіне гүл қою мерекелік рәсімінен басталды. Ақынды еске алу үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қалалық маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, Қазақстан Республикасы Парламентінің және қалалық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партия филиалының мүшелері және ақындар мен жазушылар, белігілі күйшілер мен айтыскерлер, еңбек ардагерлері мен студенттер қатысты.
Өздерінің сәлемдесу сөздерінде қонақтар осы мерекелік рәсімнің маңыздылығын атап өтті, өсіп келе жатқан ұрпақты Ұлы ақын қалдырған мұра мен рухани құндылықтарымен таныстыру қажеттігін атап өтті.
Содан кейін Абай ескерткіші жанында белгілі орындаушылар оның шығармаларынан шумақтар оқыды. Бұдан басқа, мерекелік шараға белгілі айтыскерлер, әншілер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері шақырылды. Олардың орындауларында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас» және көптеген басқа Абай өлеңдері орындалды.
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Қасымхан Бұғыбай өзінің кішігірім театрлық монологында ақынның образын көрсетті. Мұнда «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» кітап көрмесінде Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік те болды.