Салауатты өмір салты қалыптастыруды қажет етеді
23.08.2017
Формированию здорового образа жизни была посвящена тема публичных слушаний, прошедших в городском маслихате под председательством Мухтара Тулеутаева. Народные избранники высказали несколько критических замечаний по работе столичного Центра Формирования здорового образа жизни, а также предложили ряд своих инициатив.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру аса зәру мәселе болып щықты. Депутаттардың пікірі бойынша, оған аса көңіл бөлінбейді. Елордамызда әртүрлі ауыр науқас түрлері көбеюде, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында. Бұдан өзге, халық қалаулылары қаламызда жасөспірімдерге арналған тегін спорт үйірмелерінің жетіспеушілігін алға тартты, сондай-ақ, жасы ұлғайған адамдарға бассейн, фитнес және спорт залдарының қол жетімсіздігін сөзге тиек етті.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты кең ауқымды іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Тұрақты түрде әртүрлі акциялардың, мүмкін болған жерлерде зиянды әдеттер туралы әлеуметтік бейнероликтердің көрсетіліп жатқандығын айтты. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Басқарма өкілдері әлеуметтік бейнелерді кинотеатрларда әр киносеанс алдында жарнамалайтын болса, барынша үлкен аудиторияны қамтыған болар еді. Оны жүзеге асыру бюджеттен қаржы бөлуді қажет етеді. Сондықтан, оның орнына мұндай бейнелерді оқу орындарында, емхана мен ауруханаларда көрсетуді ұсынды.
Депутат Рамзия Өмірбаева астаналық мектептердің бірінің директоры ретінде өз кезегінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысты әлеуметтік бейнелерді әріптестері арасында таратуға көмектесетіндігін айтты.
Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында іске асырылған біршама жұмыстарға қарамастан, әлі де бірқатар мәселелер өз шешімін күтуде. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Тимур Муратов баяндады.
Ол артық салмақ, жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар арасындағы жарақаттанушылық, терезеден балалардың құлауы, гиподинамия және тағы басқа бірқатар мәселелерді атап көрсетті. Осыған байланысты мектеп ауласында фаст-фуд пен газдалған сусындарды сатуға тиым салу, жаяужолдарға қосымша жарық орнату, жаяу жүргіншілер мен жүргінші жолдарға, балалар мекемелерінің алдына ЖЖЕ бұзушыларға фото- бейне бекіту, сондай-ақ, ПИК өкілдерін терезе жасаушы компаниялармен арнайы қорғайтын тетік орнату жөнінде келісімшартқа отыруға міндеттеу. Халықты гиподинамиядан арылдыру мақсатында жұмыс алдында, оқуға кіріспес бұрын бес минуттық гимнастиканы бұрынғы қалпына келтіруді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева қайта ұсынды.
Қөпшілік тыңдау барысында баяндамашылар ретінде депутат Мажит Шайдаров, Рамзия Өмірбаева, Астана қаласының денсаулық сақтау ардагерлерінің Кеңес төрағасы Алтын Сүлейменова және басқалар сөз сөйледі. Депутаттар өз ескертулері мен ұсыныстарын жеткізіп, аталмыш мәселелерді шешу барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығының барлық қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен өзара тығыз қарым-қатынаста болу керектігін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.
Отырысқа қалалық маслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, қалалық басқарма мен қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.