Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Балалар лагері: жағдайы және даму перспективалары

Кезекті сессияға дайындық аясында елордалық мәслихат депутаттары Ақкөл ауданындағы «Барап» спорттық-сауықтыру лагеріне барды.

Лагерьде жазғы каникул кезінінде 8-ден 13 жасқа дейінгі балалар демалады. Жазғы кезеңде лагерьде 1650 балаға дейін демалуға мүмкіндік бар-  әрқайсысы он күнге созылатын ауысымда 200 балаға дейін демалады.

Депутаттар бұған дейін бөлінген қаржының игерілу нәтижелерімен танысты. Лагерьде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа корпустар салынған және футбол алаңы жабдықталған. Салынған инвестиция нақты нәтижесін беріп, оны нысанға барған кезде көруге болады.

Қазіргі уақытта нысанды дамытудың келесі кезеңі — демалыс пен оқуды қатар алып жүруге жағдай жасау мәселесі қарастырылуда. Балалар оқу үдерісінен қол үзбеу үшін мектеп бағдарламасы бойынша сабақтарды онлайн форматта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Лагерь балаларға тек демалып, спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуға ғана емес, білім алуға да мүмкіндік беруі маңызды. Бұл ретте балалардың лагерьде болу жағдайларын жақсартуға бағытталған бюджет қаражатының тиімді әрі нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет.