Елордалық мәслихат депутаттары мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатындағы көшпелі тексерістерді жалғастырды
Депутаттар №55, №13 және №73 мектептеріне барып, қосымша ғимараттар құрылысының барысымен танысып, жұмыстардың қарқыны мен нысандардың жалпы дайындығын бағалады.
Кейбір мектептерде жұмыстар аяқталуға жақын болса, енді бірінде күрделі жөндеу мен құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл ретте белгіленген мерзімдерді сақтап қана қоймай, жұмыстардың сапалы орындалуын және барлық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету маңызды.
Депутаттар үшін балалардың жаңа оқу жылын қандай жағдайда бастайтынын білу аса маңызды. Сондықтан тексерістер жалғасады. Негізгі міндет — мектептердің оқушыларды қабылдауға толық дайын екеніне және оларға қауіпсіз әрі жайлы білім алу жағдайлары жасалғанына көз жеткізу.