Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Астана Тазалық» ЖШС базасында көшпелі кеңес өткізді
Депутаттар кәсіпорынның жұмысымен танысып, елорданың санитариялық тазалығы мен абаттандыру, цифрландыру, қысқы кезеңге дайындық, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді, үнемді әрі мақсатты пайдалану мәселелерін талқылады.
Бүгінде кәсіпорында 1 253 адам жұмыс істейді, олардың иелігінде 418 бірлік арнайы техника бар. Қызметкерлер жалпы ұзындығы 268 шақырымды құрайтын 167 көшеге қызмет көрсетіп, күн сайын қаланың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етеді.
Цифрландыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Кәсіпорында электрондық борттық журнал, қойма қорлары мен тартылатын арнайы техниканы цифрлық есепке алу жүйелері енгізілуде. Бұл үдерістердің ашықтығын арттырып, ресурстарды пайдалануды тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қысқы кезеңге дайындығы 74%-ды құрайды. Кеңеске жергілікті жерлерде коммуналдық жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты аудан әкімдерінің орынбасарлары да қатысты.
Біздің ортақ мақсатымыз — елордамыздың таза, ұқыпты әрі барлық тұрғындар үшін қолайлы болуы.