Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Жер учаскелерін иеліктен шығару мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында депутаттар мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және өзге де мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу туралы мәселені қарады.

Әнуар Саипов - тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы, маңызды қалалық инфрақұрылымдық объектілерді, соның ішінде Қорғалжын тас жолы ауданында жылумен жабдықтаудың магистральдық желілері құрылысын; ЮК-7 және ЮК-2 қиылысындағы көшелерді (жобалық атаулар); А. Тоқпанов көшесі ауданындағы мектептерді; Ш. Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысы ауданындағы әкімшілік ғимаратты; М. Дулатов және А. Диваев көшелерінің қиылысы ауданындағы балабақшаны іске асыруға байланысты шарттардың жобаларын ұсынды. 

Тұрақты комиссияның төрағасы отырыс барысында жер учаскелерінің меншік иелерімен онлайн режимде кездесу өткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері шарттардың жобаларын мақұлдады және бұл мәселені мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына шығаруды ұсынды.