Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Депутаттық корпустың Астана қаласы әкімімен жұмыс кездесуі өтті

Астана қаласының мәслихатында депутаттардың қала әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесуі өтті. Кездесу барысында астананы дамытудың ағымдағы мәселелері, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, таяудағы перспективаға жоспарлар талқыланды, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштері мен депутаттық корпустың ұсыныстары айтылды.

Қала әкімі Астананың серпінді өсуі жалғасып, халық саны, соның ішінде мектеп жасындағы балалар саны көбейіп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты басты басымдықтардың бірі білім алушыларды мектептерде орындармен қамтамасыз ету болып қалып отыр. Жыл сайын астанада жаңа білім беру объектілері енгізілуде.

Басым бағыттардың ішінде – кәріз-тазарту құрылыстарының (КТҚ), автожолдардың жекелеген учаскелерінің, Қ.Сәтбаев атындағы суағардың құрылысын аяқтау, сондай-ақ қалада көліктер санын азайтуға және оны дамуының жоғары қарқындарын сақтап қалуға бағытталған жобаларды іске асыру бар.

Негізгі міндеттердің ішінде сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, қалалық ортаның сапасын арттыру, цифрлық шешімдерді жетілдіру және астананың өз тұрғындары мүддесінде тұрақты дамуын қамтамасыз ету қалып отыр.

Депутаттар әкімдікке тұрғындар көтерген бірқатар маңызды мәселелерді шешіп бергені үшін алғыс білдірді. Атап айтқанда, Интернациональный және Мичурино тұрғын алаптарының тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз еткені, Железнодорожный тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске қосқаны үшін алғысын жеткізді. Тілендиев көшесінде көліктік жол айрығының, №40 мектептке жапсаржайдың және жаңа перинаталдық орталықтың құрылысына оң баға беріліп жатқаны туралы айтылды.

Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабының тұрғындарымен өткен кездесулердің қорытындылары бойынша депутаттар орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы бойынша жұмыстарға оң баға беріліп жатқаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, жеке меншік балабақшалар желісінің дамуы мектептке дейінгі мекемелердегі орындар тапшылығы проблемасының шешілуіне себепші болатыны туралы айтылды.

Цифрландыру мәселесіне жеке көңіл бөлінді.  

Кездесу барысында депутаттар сондай-ақ жаңа медициналық мекемелерді салу, балабақшаларды ашу, коммуналдық қызметтердің автопарктері мен автобус парктерін цифрландыру, жекелеген тұрғын үй кешендерін сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет объектілерін мемлекеттік қаржыландыруға тәуелділігін біртіндеп азайта отырып цифрлық трансформациялау мәселелерін көтерді. 

Одан басқа, «Пригородный» тұрғын алабын дамыту перспективалары, оған қоса қолданыстағы қазандықты табиғи газға ауыстыру арқылы жаңғырту мәселесі талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша айтылған ұсыныстар мен күрделі мәселелердің барлығы бейінді мемлекеттік органдармен пысықталатын болады.