Мәслихат депутаттары Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық аясында жол құрылысы нысандарын аралады
Көшпелі отырыс барысында депутаттар бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
№38 көшесінің құрылысы Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде жүргізілуде. Жоба Тәуелсіздік және Әл-Фараби көшелерін әуежайға апаратын трассаға (Қабанбай батыр даңғылына) дейін жалғастыруды көздейді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы көлік жүктемесі айтарлықтай төмендейді. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді, жол жабынын, сыртқы жарықтандыруды және өзге де коммуникацияларды салу жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін жолдың бір бағыты бойынша қозғалысты ашу жоспарланып отыр.
Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскесіндегі құрылыс. Инженерлік желілерді тарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жалғасуда.
Угловая, №12, №14 және Бейсекова көшелері арқылы өтетін магистральдық автожолдың Сығанақ көшесінен №27 көшеге дейінгі учаскесінің құрылысы. Нысанда жол негізін салу және асфальт төсеу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру, сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату, кірме жолдар мен автотұрақ қалталарын жасау, сондай-ақ жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.