Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Тұрақты комиссияның отырысында балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды

Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында «Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметі, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және ведомствоаралық өзара әрекет туралы» мәселе қаралды.

Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Серік Әділбаев балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық қолайсыздықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өзара әрекет туралы ақпарат берді.

Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының негізгі міндеті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі кешенді жұмысты қамтамасыз ету үшін басқарма мемлекеттік органдармен және бейінді ұйымдармен ведомствоаралық өзара әрекетті жүзеге асырады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтау және оларға көмек көрсету мақсатында балалардың қолайсыз жағдайларына жедел ден қоюды қамтамасыз ететін мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара әрекетінің бекітілген алгоритмі қолданылады.

Баяндама барысында шешуді талап ететін проблемалық мәселелер де белгіленді. Олардың ішінде – нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға байланысты балалармен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тұрғын үйлердің терезелерінен құлауының алдын алу.

Депутаттар ведомствоаралық өзара әрекеттің бекітілген алгоритмін қолдану практикасына, ЮНИСЕФ-тің кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі әдістемесін қоса алғанда, халықаралық тәжірибені пайдалану мүмкіндігіне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Олар қаланың пилоттық мектептерінде тәуекел тобына жататын балалармен жұмыс істеудің әртүрлі әдістерін сынақтан өткізуді ұсынды және ең тиімді жобаларды қаржыландыру мәселесін қарастыруға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен бірге жүретін тәлімгерлердің қызметі мәселелері қаралды.

Мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшыларына және сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне дөңгелек үстел шеңберінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау ұсынылды.

Отырысты қорытындылай келе, тұрақты комиссияның төрағасы Азамат Айтхожин балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелі ведомствоаралық өзара әрекетті, профилактикалық жұмысты жетілдіруді және барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті.