Депутаттар медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін талқылады
Елорда мәслихатының депутаттары Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-не барып, елордадағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ірі медициналық мекемелерінің бірінің жұмысымен танысты.
Сапар барысында Пациенттерді қолдау қызметінің, «Шуақ» жастар денсаулық орталығының, Әйелдер денсаулығы орталығының және шұғыл медициналық көмек бөлімшесінің жұмысы таныстырылды. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында емхананың заманауи материалдық-техниқалық базасы, озық медициналық жабдықтарды пайдалану және дәрігерлердің жоғары кәсіби денгейі атап өтілді. Бұл елорда тұрғындарына сапалы әрі уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.