Мәслихат депутаттары елордалық Тексеру комиссиясының 15 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты
Осы жылдар ішінде комиссия қалыптасу мен даму жолынан өтіп, мемлекеттік аудиттің кәсіби әрі тиімді органы ретінде өзін таныта білді. Оның қызметі қаржылық тәртіпті нығайтуға, бюджет қаражатының пайдаланылу ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етіп келеді.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден депутаттық корпусының атынан Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Ақпомбаевты және комиссия ұжымын мерейлі датамен құттықтады.
Мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға және елордадағы басқару сапасын жетілдіруге сүбелі үлес қосып жүрген комиссия ардагерлері мен қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірді. Олардың кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы зор құрметке лайық.
Тексеру комиссиясының ұжымына алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа кәсіби жетістіктер, зор денсаулық, бақ-береке және ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай жетістіктер тіледі!