Депутат аға буын өкілдерін құттықтады
29.09.2017
Жастарымыз бой түзеп, арқа сүйейтін қарттарымызға әрдайым назар аудару керек. Бұл біздің халқымыздың айрықша ерекшеліктерінің бірі. Қарттарға құрмет - ата-бабаларымыздан мұраға қалған сапалы қасиет. Осыған байланысты Қазақстанда жыл сайын Қарттар күні атап өтіледі. Бұл үрдіске Астана қаласының мәслихатының депутаттары да белсенді қатысады.
Халықаралық қарттар күні, № 20 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты Қайырлы Тәукен Алматы ауданының ардагерлерімен кездесті және оларды мерекемен құттықтады. «Сіздер өздеріңіздің лайықты демалуларыңызға қарамастан, Сіздер біздің қоғамымыздың алдыңғы қатарында қаласыздар. Сіздер жастарды патриоттық тәрбиелеуге қатысып, Елордамыздың дамуы мен өркендеуіне лайықты үлес қосып отырсыздар. Өмірдегі белсенді ұстанымдарыңыз жас ұрпақ үшін айрықша үлгі болып табылады», - деді Қайырлы Таукен.
Өз кезегінде Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболов барлық ардагерлер атынан депутатқа құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
«Мереке күні ғана емес, он екі ай бойы біз қалалық биліктің қолдауын сезінеміз. Қарттар үшін көптеген артықшылықтар бар: олар саяхатқа шығып, көлік қызметтерін тегін ала алады, түрлі қызметтерге қол жеткізе алады», - деді Сайлаубек Байболов.
Кездесу соңында мерекеге орай мерекелік ас ұйымдастырылды. Ақсақалдар «Әнім Астана» ансамблінің өнерін тамашалады.