Тұрақты комиссияның тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын бекіту сұрағы бойынша отырысы
Астана қаласының мәслихатында Владислав Сергеевтің төрағалығымен құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту сұрағы бойынша шешім жобасын ұсынды. Атап өтілгендей, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына тұрғынжайды реновациялау тәртібін регламенттейтін 116-1-бапқа толықтырулар енгізуді көздейтін өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, Бірыңғай оператордың кепілдігін алу арқылы жаңарту жобаларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысына қатысу мүмкіндігін беру бөлігінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Астана қаласында 2030 жылға дейін тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы жаңа редакцияда жазылады.
Талқылау барысында депутаттар бірқатар ескертулер мен ұсыныстар білдірді.
Атап айтқанда, жеке құрылыс салушылардың қатысуымен реновациялау жобаларын іске асыру тетіктерін реттеу бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі атап өтілді. Депутаттардың пікірінше, нақты құқықтық тетіктердің болмауы тұрғын үй құнының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін.
Реновациялау бойынша іс-шараларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Егер бұрын қаржыландыру негізінен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылса, қазіргі уақытта өзге көздерді тарту мүмкіндігі көзделген. Осыған байланысты осындай қаржыландыру тетіктері мен көздері туралы қосымша ақпарат сұралды.
Сондай-ақ желесаты жабдығын жаңғырту мәселесі қаралды, жеделсатыларды толық ауыстыруды да, бұл орынды болған жағдайларда күрделі жөндеу жүргізуді де көздейтін объектілердің техникалық жай-күйін ескере отырып, кешенді тәсілді қолдану ұсынылды.
Талқылау қорытындысы бойынша бейіндік басқармаға тұрғынжайды реновациялау бағдарламасының іс-шараларын іске асыру кезінде оларды одан әрі есепке алу үшін белгіленген мәселелер бойынша қосымша түсініктемелер мен ұсыныстар дайындау ұсынылды.