Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

«Astana» ӘКК» АҚ қызметі туралы есеп қаралды

«Astana» ӘКК» АҚ қызметі туралы есеп қаралды
«Astana» ӘКК» АҚ қызметі туралы есеп қаралды
«Astana» ӘКК» АҚ қызметі туралы есеп қаралды
«Astana» ӘКК» АҚ қызметі туралы есеп қаралды

Астана қаласы мәслихатында Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметі туралы есепті қарауға арналған отырыс өтті.

Отырыс барысында корпорация басқармасының төрағасы Бауыржан Баймұқаш 2023–2025 жылдардағы қызмет қорытындылары, қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижелері және негізгі тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ активтерді басқару, инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар туралы мәліметтер берілді.

Елорда экономикасына инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралдарының бірі ретінде шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру және дамыту, бизнесті өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша корпорацияның 2026 жылға арналған негізгі қызмет бағыттары айқындалды. Олардың қатарында инвестициялар тартуды жалғастыру, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, активтерді басқару тиімділігін арттыру және белгіленген қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу бар.

Отырыс барысында депутаттар әлеуметтік маңызы бар нысандар ретінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын салу жобаларын іске асыру тәжірибесін зерделеу және тарату қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың ғимараттарға деген қажеттілігіне талдау жүргізіп, бос алаңдардың санын және жалға берілген үй-жайлардың көлемін анықтау ұсынылды.

Оң тәжірибе ретінде «Astana Mall» сауда үйіне іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аталып өтті. Жүргізілген іс-шаралар аясында автотұрақ орындарын алып тұрған павильондар демонтаждалып, бұл аумақты тиімді пайдалануды реттеуге және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Депутаттар проблемалық мәселелерді жедел қарау және шешу, әлеуметтік маңызы бар қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға берілген үй-жайларды пайдалану жағдайын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалау мақсатында жұмыс тобын құру туралы ұсыныс енгізді.

Коммерциялық емес ұйымдарға арналған коворкинг-орталық құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл үй-жайларды пайдалануды оңтайландыруға және ведомстволық бағынысты ұйымдарды орналастыру үшін қосымша алаңдар бөлуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 31 атауға дейін кеңейтілуіне байланысты депутаттар бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және бюджетті нақтылау кезінде қосымша мәселелердің туындауына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шараларға қызығушылық танытты. Сонымен қатар кәсіпорынның қызметімен танысу мақсатында «Родина» өндірістік кооперативіне баруды ұйымдастыру ұсынылды.

Айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынып, алдағы жұмыс барысында қаралатын болады.