Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл қасиетті мереке халқымыздың ерлігі, батырлығы және қайсар рухының символы ретінде тарихта мәңгілікке жазылды. Біз майдангерлердің, тыл еңбеккерлерінің — бейбітшілік пен бостандықты қорғап, бізге болашақ сыйлаған барша жандардың ерлігін терең ризашылықпен еске аламыз. Әр отбасында соғысқа байланысты өз тарихы, өз қайғысы мен өз мақтанышы, Ұлы Жеңіске қосқан өз үлесі бар.
Ерекше құрметпен ардагерлерімізге, тыл еңбеккерлеріне – сұрапыл соғыс жылдарын бастан өткеріп, әр күн сайын Жеңісті жақындатқан жандарға алғыс айтамын. Сіздердің ерліктеріңіз – нағыз отансүйгіштік пен рух мықтылығының жарқын үлгісі. Бейбіт өмір үшін, келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін жасаған еңбектеріңізге мың алғыс!
Бүгінде осы ерлікті ұмытпай, жас ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз. Соғыстың қайғысы ешқашан қайталанбас үшін, ел ішінде әрдайым бейбітшілік, бірлік пен татулық салтанат құрсын.
Сіздерге, құрметті ардагерлер, және еліміздің барлық тұрғындарына зор денсаулық, бақыт, амандық, бейбіт өмір мен береке тілеймін! Әр шаңырақта жылулық пен мейірім орнап, еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден