Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
7 мамыр – еліміздің бейбітшілігі, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қорғап тұрған азаматтарға деген мақтаныш сезімін біріктіретін ерекше күн.
Бұл мереке ұрпақтар сабақтастығын, әскери қызметке деген құрметті және Отан алдындағы жоғары жауапкершілікті айшықтайды. Ерлік, табандылық, рух күші, антқа адалдық және кез келген сәтте туған жерін қорғауға дайын болу – біздің қорғаушыларымызға тән басты қасиеттер.
Біз ардагерлерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және ел тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп жүрген барша азаматтарға ерекше құрмет білдіреміз.
Бұл мереке – тек құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы бейбітшілік, бірлік пен келісімнің маңыздылығын еске салатын күн. Ортақ болашағымыздың қандай болатыны, еліміздің қаншалықты қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналуы – әрқайсымызға байланысты.
Сіздерге зор денсаулық, амандық және жарқын болашаққа сенім тілеймін. Әр шаңырақта тыныштық пен береке орнап, барлық бастамаларыңыз табысты болсын!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден