Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміз үшін бұл мерекенің орны ерекше. Өйткені ол елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностар арасындағы татулықты, өзара құрмет пен келісімді білдіреді.
Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл тек бай мәдени мұрамызға құрмет қана емес, сонымен қатар бейбітшілік, келісім және өзара түсіністіктің маңыздылығын айқындайтын мереке. Бұл күн түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық байланыстарды нығайтып, ашық әрі сындарлы диалогты дамытуға, сондай-ақ көпұлтты қоғамымыздың бірлігі мен жарасымын көрсетуге бағытталған.
Осы шуақты көктемгі күні әрқайсыңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін. Әр шаңырақта тыныштық пен қуаныш орнап, еліміздің аспаны әрдайым ашық болсын. Бірлігіміз бен келісіміміз еліміздің өсіп-өркендеуінің берік негізі бола берсін!
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден