Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елорда мәслихатының депутаттары №1 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды

Сапар барысында спорт мектебіне салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс барысымен танысты. Қазіргі таңда жұмыстар белгіленген кестеден кешігіп жүргізілуде. Мердігермен өткен кездесу барысында кешігудің себептері, құрылыс қарқыны және жұмысты жеделдету жолдары жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде нысанды пайдалануға беру мерзімдері жаңартылды. Келесі айда қайта келіп, құрылыс барысын бақылап, атқарылған жұмыстардың қарқынын бағалау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар депутаттар жас спортшылар жаттығып жүрген жағдайлармен танысты. Жаттықтырушылар құрамымен әңгімелесу барысында мектепке спорттық құрал-жабдықтар мен жаттығу құрылғыларын жаңарту, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны одан әрі нығайту қажеттігі атап өтілді.

Мұндай нысандар болашақ чемпиондарды даярлауда маңызды рөл атқарады. Сондықтан құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап қана қоймай, жаттығу процесіне лайықты жағдай жасау аса маңызды. Мектепті жаңғырту және жабдықтау мәселесі алдағы уақытта да назарда болады.