Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды

Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды
Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды
Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды
Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды
Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды
Елордада мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру барысы талқыланды

Кезекті Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобаларын іске асыру арқылы әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тарту нәтижелері туралы айтылды.

Білім, дене шынықтыру және спорт, Құрылыс және инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының МЖӘ жобаларын іске асырудың тиімділігі туралы есептері тыңдалды. Талқылау барысында қалада білім беру, спорт, әлеуметтік және сервистік инфрақұрылым салаларында МЖӘ тетіктерін дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Әр түрлі форматтағы жобалар жүзеге асырылуда: сенімгерлік басқару, Bot моделі, әлеуметтік нысандарды салу және пайдалану, сондай-ақ сервистік келісімшарттар.

Мәселені дайындау аясында Қоғамдық кеңес мүшелері МЖӘ аясында енгізілген бірқатар нысандарды аралады. Бұл Astana University құрамындағы педагогикалық колледж, онда 1100 студент оқиды, оның 984-і мемлекеттік білім беру гранты бойынша. 2024 жылы мекеме жоғары білім беру колледжі ретінде лицензия алды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері барлық заманауи талаптарға сай келетін 938 орындық студенттерге арналған жаңа тоғыз қабатты жатақханаға барды.

«Тарлан» мұз аренасына және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығына бару барысында мұнда спорттың 23 түрі дамып жатқаны, 7000-нан астам адам қамтылғаны белгілі болды.

Нысандарға бару және осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес жобаларды одан әрі іске асыру талдамалық жұмысты күшейтуді, қаржылық міндеттемелерге мониторинг жүргізуді және қабылданған шешімдердің ұзақ мерзімді орнықтылығын бағалауды талап ететінін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атына жіберілді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева Қоғамдық кеңес мүшелерін Астана қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды. Ұсынылған жобаға сәйкес кірістер жоспары 79,4 млрд.теңгеге, оның ішінде салықтық түсімдер есебінен 72,6 млрд. теңгеге және салықтық емес түсімдер есебінен 5,4 млрд. теңгеге ұлғаяды, бұл іскерлік белсенділіктің сақталуын, еңбек ақы төлеу қорының өсуін және қаланың салық базасының кеңеюін көрсетеді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері айыппұлдар мен өзге де салықтық емес кірістер бойынша түсімдердің ұлғаюы фискалдық-әкімшілік жүктеменің артық болуына жол бермеу мақсатында олардың құрылымын қосымша талдауды талап ететінін атап өтті. Қоғамдық кеңес мынадай мәселелерге назар аударуды қажет деп санайды: мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға байланысты борыштық міндеттемелердің өсуі; білім беру ұйымдарында кредиторлық берешектің қайта пайда болу тәуекелдері; лизингтік міндеттемелерге бақылауды күшейту қажеттілігі (полиция, ТЖ); базалық коммуналдық инфрақұрылымды дамытуда сақталып отырған жоғары қажеттілік кезінде абаттандыру және қоғамдық кеңістіктер саласында қомақты қаражаттың шоғырлануы.

Сонымен қатар, отырыста нормативтік актілердің басқа жобалары бойынша ұсыныстар қаралып, қабылданды.