Елорда депутаттары коммуналдық мүліктің тиімділігін бағалау мақсатында нысандарды аралады
Елорда мәслихатының депутаттары коммуналдық мүлікті пайдаланудың тиімділігі мен рентабельділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қалалық нысандарды аралап, көшпелі кеңес өткізді.
Депутаттар «Fitnation» спорттық-сауықтыру орталығын аралап, бұқаралық спорттың қолжетімділігі мен инфрақұрылымның жүктемесі мәселелерін талқылады. Сонымен қатар «Комфорт Отель Астана» қонақ үйінің жұмысымен танысып, туризм саласын дамыту, қызмет көрсету деңгейі және нысанның жүктемесін арттыру перспективаларына назар аударды.
Бұдан бөлек, Абылай хан көшесі бойындағы қалалық автотұрақ қарастырылып, оның сұранысқа ие болуы және қаладағы тұрақ орындарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.