Құрметті Елорда тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді тамаша мереке, көпұлтты Қазақстанның ең жарқын əрі сүйікті мейрамы - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыздың ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болып саналатыны бекер емес. Жаңа жылды әрқашан жақсылыққа деген үмітпен, жаңа жоспарлар құрумен, ең ізгі тілектердің орындалуымен байланыстырады.
Бұл күні Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жақсылық пен бақыт тілеймін! Көктем Сіздерді жылулықпен қуантып, әр адамға жақсылыққа, алға қойған жоспарлардың табысты іске асырылуына сенім сыйласын. Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік, жылулық пен амандық болсын!
Құрметпен,
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден