Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті
Астана қаласы мәслихатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті, отырыс барысында депутаттар мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланатын мәселелерді қарастырды.
Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі астананың тұрғын үй массивтерін дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылау болды, соның ішінде су мен кәріз жүйесі және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.
Осы мәселе аясында көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, энергетика, коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшыларының, сондай-ақ қаланың аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Депутаттар тұрғын үй массивтерінің инженерлік және көлік инфрақұрылымының қазіргі жағдайын, оларды одан әрі дамыту мен тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, отырыс барысында қаланың нормативтік базасын жетілдіру және қала өмірінің белгілі бір салаларын реттеу мәселелеріне қатысты бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда: жол қозғалысын ұйымдастыру ережелерін қазіргі жол қозғалысы ережелерінде реттелмеген бөлігінде бекіту туралы шешім жобасы; көлікті эвакуациялау және оны арнайы алаңдар мен қаланың коммуналдық меншігіндегі тұрақтарда уақытша сақтау үшін төлем мөлшерін бекіту туралы шешім жобасы; мемлекеттік қажеттіліктерге жер учаскелерін бөлу жөніндегі шарт жобаларын келісу туралы; Астана қаласы мәслихатының жеке шешімдеріне түзетулер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Талқылаудың қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған мәселелерге қатысты ұсыныстар мен ескертпелер білдірді. Қаралған материалдар Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында талқылауға және шешім қабылдауға ұсынылатын болады.