Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Қалалық мәслихатта Азамат Айтхожиннің төрағалығымен заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелері мен өзге де мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келісу болды.

Отырыс барысында комиссия мүшелері қаланың маңызды инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруға байланысты шарттардың жобаларын қарады, оның ішінде: А. Жұбанов және Ж. Тархан көшелерінің қиылысында аумақты абаттандыру; А. Тоқпанов көшесі ауданында жаңа мектеп салу; Ш. Айтматов көшесінің батыс жағында орналасқан көшені салу.

Тұрақты комиссия төрағасы Азамат Айтхожин отырыс барысында жер учаскелерінің меншік иелерімен онлайн форматта кездесу өткізді.

Депутаттар қалалық инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан жер учаскелерін алып қоюдың орындылығын талқылады. Меншік иелерінің заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және мемлекеттік қажеттіліктер үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің ашықтығына ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия мүшелері шарттардың жобаларын мақұлдап, аталған мәселені мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізуді ұсынды.